Атырау, 12 желтоқсан 09:22
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

«Тойға да салық салынады». «Байқоңырдың құқықтық мәртебесі қандай болмақ?». «Қырғызстан Кедендік одаққа Ресейден қорыққанынан кірмейді». «Ресей мен Қазақстан кикілжіңі Қытайды күшейтті».

2 707 просмотра

AIKYN.KZ. «Тойға да салық салынады» - Мәселен, 9 баптың 7-бөлімі бойын­ша ендігі жерде құда түсіп, қыз ұзатудан бастап дүрілдетіп үйлену тойын өт­кізгеніңіз үшін мемлекетке салық тө­леуге тиістісіз. Жұмсалатын қаражат тек касса арқылы есептеліп, тойдан түскен табыстың 15 пайызын салық органдары­на тапсыруға міндеттісіз.

AZATTYQ.ORG. «Ресей мен Қазақстан кикілжіңі Қытайды күшейтті» - Jamestown.org басылымы соңғы санында Қазақстан мен Ресейдің Кеден одағы аясында уағдаласа алмай жатқанын, ал мұның Қытайға тиімді болып тұрғанын жазады.

«Инвесторлар Каспий мұнайына селқос тартты ма?» - «Келісім-шарттардағы талаптарын қайта қарамаса, Қазақстан мұнай саласындағы шетелдік серіктестерінен айырылуы мүмкін» дейді сарапшылардың бірі. Ал Астана мұндай қауіпке негіз жоқ деп санайды.

SERKQ.ORG. «Қырғызстан Кедендік одаққа Ресейден қорыққанынан кірмейді» - Әу баста Кедендік Одақ құрылады деген сыбыс қайдан, не үшін шықты? Әлбетте, осы одақты басқарып отырған Ресей Қазақстанның жүз пайыз кіретінін біліп құрған жоқ па? Белорусь мемлекеті де әлі күнге Кремльдің айтқанынан шығар емес. Олар әзірге орыс тілінен айрылғысы келмейді. Ал Қырғызстан ше? Бұған дейін Кедендік одаққа кіреді деп жүрген қырғыздың орыс тілін қолданыстан ығыстыруының өзі күтпеген жағдай. Бұл бір жағынан ресейлік билікке сес көрсету де болуы мүмкін. Тіпті, мұның түпкі астарында «Ертеңгі күні біз Кедендік одаққа кірсек те, ана тіліміздің мәртебесін асқақтата береміз...» деген емеурін бар сияқты. 

ALASHAINASY.KZ. «Байқоңырдың құқықтық мәртебесі қандай болмақ?» - Бүгінде Байқоңыр қаласы және одан 90 шақырым шалғай жерде орналасқан «Бай­қоңыр» ғарыш айлағы Ресейге жалға берілгенін бәріміз жақсы білеміз. Сол себеп­ті қалада Ресей Федерациясының ат­қа­рушы билігі жұмыс істейді. Ал қоғамдық қауіп­сіздікке ресейлік полиция жауапты. Тұр­ғын үйлердің барлығы муниципалды мен­шікте, яғни жергілікті әкімшіліктің иелі­гін­де. Ол баспананы халыққа жалға бе­реді. Осының салдарынан Байқоңырда тұра­тын қазақтардың саны 60 пайызға өске­німен, олар өз жерінде өгей баланың күйін кешіп жүр.

JANAOZEN.NET. "Жанат ЕСЕНТАЕВ, бард әншісі: «Ақынды Алла шындықты жырлау үшін жаратқан»" - "Жазушылардың батылсыздығы балаларының лауазымды қызметте, өздерінің билікпен байланысты болуымен түсіндіруге болады. Фейсбук әлеуметтік желісінде бір өнер адамы Шымкенттегі ұшақ апатына қайғырып отырғанын жазыпты. Сосын мен ол азаматтан Жаңаөзен трагедиясы болған тұста неге қайғырмадың, айтпадың деп жазған едім. Үндемейді. Олар өздерінше бір аз уақыттан соң айтамыз деуі мүмкін. Бірақ шындықты қазір айтпайтын болсаң, кейін айтқан сөзің бос даурықпа. Осы себептен де мен Махамбетті пір тұтамын. Ол ақындығыме нқоса, күрескер азамат болды. Егер Махамбет, Абай мен Мағжандар тірі болғанда Жаңаөзен қасіретіне қарап билікке өлеңдерімен қарғап, лағынет айтар еді...".

ABAI.KZ. "Дариға Назарбаева: «Ғалымдарды қараңғы бөлмеге қамап қою керек»" - Жиналыс барысында Мәжіліс депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева латын әліпбиі төңірегінде қоғамда жүріп жатқан пікірталас туралы айта келіп: «Егер ғалымдардың еркіне салып, латын алфавиті қандай болу керек деген мәселені талқылата берсек, олар өзара 50 жыл дауласатын шығар. Сондықтан ғалымдардың бәрін бір қараңғы бөлмеге қамап,  алдарына нан мен суға ғана қойып, бір аптаның ішінде мәмілеге келіңдер деп талап етуіміз керек. Сол кезде ғана олар ортақ мәмілеге келуі мүмкін» деді.

QAMSHY.KZ. «Шығыс Түркістанның шындығы немесе Әлихан төре кім еді? (жалғасы)».

ZHEBE.COM. «Қазақстан «Қазақ елі» деп аталуы керек!».

ZHASALASH.KZ. «Заң алдында президент те, басқа да бiрдей» - Кеше қырғыз президентi Алмазбек Атам­баевты бас прокуратура жауап­қа шақырды. 2007 жылы қыр­ғыздың оппозиционер депутаттары елдiң алтын өндiру аймағын 40 млн. доллар параға берiп жiберген-дi. Осыған қатысты бiр­қатар депутаттар қамауға алынды. 2007 жылы қазiргi президент премьер-министр қызметiн атқарды. Мiне, осыған байланысты А.Атамбаевтан жауап алынды. Әзiрге пре­зиденттiң қылмыстық iспен байланысы туралы нақты дәлел жоқ. Десек те, ол: “Заң алдында пре­зидент те, бас­қа да жауап беруге тиiс. Сон­да ғана елi­мiзде заңсыздық жойылады”, – деп мәлiмдедi.

1 сәуір 2013, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.