Атырау, 3 қазан 09:37
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Нұрлан Мәсімовке қатысты іс сотқа жолданды

629 просмотра

Нұрлан Мәсімовтің ісі сотқа жолданды, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

"Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н.Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е.Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен соталды тергеуді аяқтады.

Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 миллион теңге сомасында пара алды деп айыпталып отыр.

Сондай-ақ, олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады", - делінген хабарламада.

Биыл 22 желтоқсанда облыс прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

26 желтоқсан 2022, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.