Атырау, 22 желтоқсан 02:11
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Денсаумин маска тағып, қоғамдық орындарға бармауды ұсынды

1 568 рет қаралды

Денсаулық сақтау министрлігі ЖРВИ және тұмау ауруларының көбеюіне байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады. Қазақстандықтарға қайтадан бетперде киіп, адам көп жиналатын жерлерге бармауға кеңес беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, елде ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі байқалады.

"Эпидемиялық маусым басталғаннан бері, яғни 2022 жылдың 1 қазанынан бері жіті респираторлық вирус инфекцияларының 2,1 миллион жағдайы тіркелді, оның 65,5 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Сондай-ақ, тұмаудың зертханалық расталған 1834 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 717", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Елімізде тұмауға қарсы "Гриппол плюс" вакцинасының 2 282 824 дозасы сатып алынғаны хабарланды. Республикада тұмауға қарсы 2 413 330 адам немесе республика халқының 12,7 пайызы екпе алған.

Тұмау, ЖРВИ және коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі мыналарды ұсынады:

  • Маска мен антисептиктерді қолдану.
  • Адамдар көп жиналатын орындарға баруды, ауру адамдармен қарым-қатынасты шектеу.
  • Үй-жайларды желдетіп, жиі ылғалды тазалау жүргізу.
  • Дереу медициналық көмекке жүгіну.
23 желтоқсан 2022, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.