Атырау, 3 қазан 09:25
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Қазақстанда Apple өкілдігі қашан ашылады

1 130 просмотра

Алматыда Apple өкілдігін ашу үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, елшілер алпауыт компаниялардың бас кеңсесімен тікелей сөйлесіп жатыр. Әрбір жеке брендпен қатысты келіссөз жүргізілуде.

“Егер Apple жайында айтар болсақ, онда оған Қазақстанда өндіріс ұсыну қисынға келмейтін сияқты. Бізде, Қазақстанда смартфон шығару үшін бәсекелестік басымдық жоқ. Сонымен қатар аталған өнімде қолданылатын өңделген сирек кездесетін металлдар, арзан жұмыс күші де жоқ қой. Сондықтан нақты Apple-мен Алматыда сауда жөніндегі ресми өкілдігін ашу жөнінде келіссөз жүргізіліп жатыр. Бізге Apple мұндай деңгейдегі мәселелердің шешілуіне шамамен 3-4 жыл уақыт кететінін алға тартып отыр", - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 

22 желтоқсан 2022, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.