Атырау, 3 қазан 09:31
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

АрселорМиттал Теміртау" компаниясына 1,3 млрд теңге айыппұл салынды

998 просмотра

Қарағанды облысы Мемлекеттік кірістер департаменті "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ны 1,3 млрд теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның аванс төлемдерінің сомасын төмендетіп көрсету фактісін анықтады. 2017 жылғы мониторинг барысында корпоративтік табыс салығы бойынша аванс төлемдері сомасының нақты есептелген салықтан төмен бағалануы анықталды.

"Осыған байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 3-тармағы бойынша 1,3 млрд теңге сомасында әкімшілік айыппұл сомасында әкімшілік материал толтырылды. Материалдар әкімшілік сотқа жолданды", - делінген хабарламада.

21 желтоқсанда Қарағанды облыстық соты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның шағымын қарады. Алайда әкімшілік айыппұл өзгеріссіз қалдырылды.

3 қарашада Қарағанды облысындағы Ленин газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ шығып, кейін тоннельде өрт болған. Оқиға кезінде кәсіпорынның 106 қызметкері жер астында болса, оның 101-і қауіпсіз жерге көшірілді.

Қуатты жарылыс салдарынан бес металлург қаза тауып, тағы төртеуі шұғыл ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі ("Тау-кен немесе құрылыс жұмысы кезінде қауіпсіздік ережесін бұзу") бойынша тергеу амалдары басталды.

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы шахтадағы апаттан зардап шеккендердің алдын ала диагнозы метан газынан уланғанын хабарлады.

10 қарашада ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов сенаттың жалпы отырысында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты қолданылып жатқан шаралар туралы айтты.

22 желтоқсан 2022, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.