Атырау, 3 қазан 09:30
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Бас прокуратура өкілі Әблязовті экстрадициялау туралы айтты

1 081 просмотра

Бас прокуратура өкілі Мұхтар Әблязовті экстрадициялау туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Журналистер бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевке Қазақстан бұрынғы банкирді қайтара ма деген сұрақ қойды.

"Қазақстанда экс-банкир Мұхтар Әблязовке қатысты екі қылмыстық іс қозғалған. Біріншіден, банк қаражатын ұрлауға қатысы бар. Екіншісі Тәтішевтің өліміне қатысты. Екі қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шыққаннан кейін сұрау хаттарымыз Францияның тиісті экстрадициялау органдарына жіберілді. Хаттар бақылауымызда", - деп жауап берді бас прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, қарастыру кезеңі әртүрлі. "Қазақстан Мұхтар Әблязовті экстрадициялаумен айналысып жатыр ма" деген сұраққа Жандос Өмірәлиев: "Әрине, бұл жұмыс тоқтамайды. Қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", – деп жауап берді.

21 желтоқсан 2022, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.