Атырау, 3 қазан 09:35
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Белгілі қоғам қайраткері Амангелді Айталы өмірден өтті

1 100 просмотра

Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, академик Амангелді Айталы өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Амангелді Әбдірахманұлы Айталы 1939 жылы 10 қыркүйекте Ресейдің Астрахан облысы Володарск ауданына қарасты Болдырево ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Атырау педогогикалық институтын, 1967 жылы ҚазҰУ-дың аспирантурасын тәмәмдаған. Философия ғылымының докторы, профессор, ҚР Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Философия ғылымының докторы, профессор. Ұзақ жылдар білім және ғылым саласында қызмет еткен. 1999-2004 жылдар аралығында екінші шақырылымдағы және 2004-2007 жылдардағы үшінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің депутаты. Бірнеше кітаптың және жүздеген ғылыми мақалалардың авторы.

«Құрмет» белгісі, «Парасат» ордені, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.

21 желтоқсан 2022, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.