
Қазақстанда тағы бір "Республика" партиясы ресми тіркелді. Бұл туралы мәжіліс алаңында Әділет министрі Қанат Мусин хабарлады.
Министрдің айтуынша, тіркелген партияның барлық құқығы бар.
"Бүгінде "Байтақ" және "Республика" партиялары тіркелді. Бұлар - толықтай тіркелген партиялар. Олар барлық құқыққа ие. Басқа партиялармен жұмыс жалғасып жатыр. Олар әлі бірінші кезеңнен өткен жоқ. Себептері бір - құжаттары тиісті заң талаптарына сәйкес келмейді".ҚР Әділет министрі Қанат Мусин
30 қарашада Қазақстанда жаңа "Байтақ" партиясы тіркелгені белгілі болды. Партияның басты міндеті – еліміздің экологиялық мәселелерін шешу.
В Атырау -1