Атырау, 3 қазан 11:30
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Бүгін Тәуелсіздік күні тойлануда

834 просмотра

Қазақстан халқы бүгін маңызды мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнін тойлауда. Мереке құрметіне бұл күн республика бойынша демалыс болып белгіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. Республика бұрынғы КСРО елдерінің ішінде ең соңғы болып тәуелсіздік туралы заң қабылдады. Тәуелсіздігімізді бірінші болып Түркия мойындады. Одан кейін Америка Құрама Штаттары, Қытай, Ұлыбритания, Моңғолия, Франция және тағыбасқа мемлекеттер.Тәуелсіздіктің 31 жылы ішінде Қазақстан экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекеттердің біріне айналды.

Мереке күні еліміздің түкпір-түкпірінде жаппай мерекелік шаралар өтеді. Мереке қарсаңында мәдениет пен өнер, спорт, саясат және басқа да саланың көрнекті қайраткерлері марапатталады. «Мерекелік амнистиялар» бар. Биыл Астана мен Алматыда мерекелік отшашу болмайды.

Ал биылдан бастап Қазақстанда Тәуелсіздік күні тек бір күн – 16 желтоқсан тойланып, 17 желтоқсан жұмыс күні болады. Бірақ сенбіге түскендіктен қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады: жұма, сенбі және жексенбі.

16 желтоқсан 2022, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.