Атырау, 17 мамыр 08:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Апаттық режим: KEGOC үш өңірде шектеу енгізді

1 051 просмотра

Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі жағдай туралы KEGOC баспасөз қызметі хабарлады. Еліміздің Солтүстік, Оңтүстік және Батыс аймақтарында электр энергиясын тұтынуға шектеулер енгізіліп, апаттық режим жарияланды.

Желтоқсанда Қазақстанның бірыңғай электрэнергетикалық жүйесінде (БЭЖ) энергия тұтынудың айтарлықтай өсуі байқалғаны хабарланды. Мәселен, 7 желтоқсанда қазақстандық энергожүйенің бүкіл тарихында тұтынудың тарихи максимумы - 16 459 МВт тіркелген, бұл ретте елдің электрстанцияларының жиынтық генерациясы тек 15 203 МВт болған. Тапшылық ресейлік электржүйесінен жоспардан тыс ағындары есебінен жабылды.

"Электрэнергиясы мен қуатқа деген қажеттілікті жабу үшін генерацияның жүйелі жетіспеушілігі электрстанцияларында жиі апаттық және жоспарланбаған жөндеулерден туындайды. Елеулі теңгерімсіздіктер жағдайында жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр энергиясын тұтынуына шектеу енгізе отырып, қазақстандық энергожүйенің Солтүстік, Оңтүстік, сондай-ақ Батыс аймағы бойынша "апаттық" режимін жариялауға мәжбүр", - делінген хабарламада.

15 желтоқсан 2022, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.