Атырау, 22 желтоқсан 03:37
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жаңаөзенде Ұлттық ұланның әскери қызметкері асылып қалды

1 114 рет қаралды

Жаңаөзенде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының келісімшарт бойынша әскери қызметшісі асылып қалған жерінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа lada.kz сайтына қайғылы оқиға Ұлттық ұланның 5548 әскери бөлімінің жатақханасында болғанын - 19 жастағы жігіт бөлмесінде белбеуге асылып қалғанын айтты. Мәйітті әріптесі тауып алған.

"Марқұм Ұлттық ұлан сапында 2021 жылдан бері қызмет етеді. Ол Ақтөбе облысынан келген. Байланыс маманы-сапер қызметін атқарған. Жігіт үйленбеген. Қайғылы оқиға туралы туыстарына хабарланды. Қазір барлығын нақтылап жатырмыз.". Ерлан Құтқожа.

15 желтоқсан 2022, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.