Атырау, 17 мамыр 07:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Кеншілер зейнет жасын төмендетуді талап етіп отыр 

772 просмотра

Кеншілердің зейнет жасын төмендету мәселесі қаралады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазіргі таңда арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған ұлттық банк, қаржы нарығын реттеу агенттігінің өкілдері және зиянды өндірісте істейтін жұмысшылар кіреді.

"Кеншілердің өздері зейнет жасын төмендетуді ғана сұрап отыр. Басқа мәселе жоқ. Зейнет жасын төмендетуге болады. Бірақ зейнетақының көлемі қандай болады? Негізгі мәселе сол емес пе? Ертең ол адам 50 жаста шығып, зейнетақысы төмен болса, тағы мәселе туындайды. Сондықтан зейнетақының көлемін қалай арттырамыз? Оны қайсы жарнаның есебін төлеу керек? Оны да талқылаймыз", - деді Дүйсенова мәжіліс отырысынан кейінгі брифингте.

Бұдан бөлек, жұмыс тобы сақтандыру мәселесін де қарастырады. Атап айтқанда, жұмысшы мүгедек болып қалса, оңалту шараларын сақтандыру компанияларының есебінен төлеу ұсынылып отыр.

"Жалпы, осы үш-төрт бағыттың аясында зейнет жасын да, зейнетақы мөлшерін де дұрыс белгілеу мәселесін шешуге тырысамыз", - деп түйіндеді Дүйсенова.

14 желтоқсан 2022, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.