Атырау, 24 шілде 22:11
 дождьВ Атырау +36.1
$ 465.74
€ 531.08
₽ 5.92

​Тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықты арызсыз анықтау енгізіледі

1 132 рет қаралды

Тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықты арызсыз анықтау енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Отбасылық және зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша заңнамалық түзетулер енгізілуде. Тұрмыстық саладағы бұзушылықтарды арызсыз анықтау енгізіледі. Қазіргі таңда аталған түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді. Президент Әкімшілігіне қарауға енгізілді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, интернет және телефон алаяқтықтарына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында, салалық бағдарлама бекітілді.

«Ауыспалы абоненттік нөмірлерден қоңырауларды бұғаттау тетіктері пысықталуда. 5,5 млн осындай қоңыраулар бұғатталды. Азаматтардың алаяқтарға қарсы сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - деді Марат Ахметжанов.

14 желтоқсан 2022, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.