Атырау, 2 желтоқсан 01:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

"Тілін жоғалтқан ұлтты жою оңай". "ҰҚК-нiң бұрынғы кеңесшiсi партия басшылығында қайдан жүр?". "Ислам Каримовтың денсаулығы туралы болжам көбейді". "Тұтынушыны тұншықтырған тариф «жұмбағы»".

2 540 просмотра

ZHASALASH.KZ. «“Бiз де билiктен келдiк қой” деп ақталған социал-демократтар басшылығы ажырасу жиынын өткiздi» - Әміржан ҚОСАНОВ, саясаткер: "Мен ЖСДП-ға сенiм арт­қан азаматтардан кешiрiм сұраймын. Бұған менiң қатысым жоқ. Мұны iстеп отырған партияның iшiндегi топ. Өкiнiшке қарай, оны бастап жүрген Жармахан Тұяқбай болуы мүмкiн. Бiрақ мен онымен әлi сөйлескен жоқпын".

AZATTYQ.ORG. «Каримовтың денсаулығы туралы болжам көбейді» - Ташкенттегі ресми билік өкілдері өте сақ жауап беруге тырысып жатыр. Ресейлік "РИА Новости" агенттігіне жауап берген белгісіз шенеунік "Каримовтың әдеттегідей дені сау екенін" айтқан. Наурыздың 27-сі күні "Қазақпарат" агенттігі Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Ислам Каримовпен Ташкентте сәрсенбі күні кездескені туралы хабарлады. Uzbekistan мемлекеттік арнасы бұл кездесудің видеосын таратты. Ал Өзбекстанның халық қозғалысы "ішкі дерек көзіне" сілтеме жасай отырып, жергілікті телеарналар Ислам Каримовтың ауруын жоққа шығару үшін билеп жүрген ескі видеокадрларын көрсетіп жатыр деген болжам айтты.

JANAOZEN.NET. «Еуропа кеңес режимін әскери трибуналда айыптауға шақырды» - Еуропа парламентінде Кеңес үкіметінің тоталитарлық саясаты ашық айыпталды. Депутаттар Кеңестік режимді фашистік режим сияқты халықаралық әскери трибуналда адамзатқа қарсы жасалған саясаты үшін айыптауға шақырды.

AIKYN.KZ. «Тілін жоғалтқан ұлтты жою оңай» - Африкатекті әйелдің бала­ларын еуропалық тілде ерке­летуі, азиялық келбеттегі әжей­дің немересімен славян тілінде сырласуы бір табиғи үйлесім­діліктің бұзылғанынан хабар берсе керек.Олар өзге тілдерде сөйлеу арқылы, ата-бабала­рының кімдердің құлдығында болғандығын әш­керелеп, өз халықтарының үл­кен рухани жеңілістері мен күй­зелістерін әлемге жа­рия етеді. Еркіндікте өмір сүр­ген­­­дерімен, әлі отар ел екен­­діктерін ескерт­кендей. Жас африкалықтар­­дың кам­­-бап немесе фула тілін білмей өте­тіні сияқты, қа­сымдағы бүлдір­шінге де қазақ тілі жат болатын тәрізді.

ABAI.KZ. «Қазақстандағы идеологиялық қайшылық: ағымдар мен топтар» - Қазақстан халқы да басқа елдер сияқты өз ішінде әлеуметтік, этникалық, генеологиялық, діни және идеологиялық т.б ерекшеліктерге байланысты жіктелген, бөлшектенген қоғамға жатады. Осылардың ішінде идеологиялық ұстанымына байланысты халықтың қандай ағымдар мен топтарға бөлінетініне тоқталып өтуді жөн көрдік. Осы мақсатпен сызылған ағаш бізге тақырыпты анығырақ анықтауға мүмкіндік береді.

EGEMEN.KZ. "Тұтынушыны тұншықтырған тариф «жұмбағы»" - Оған жақында Шымкент қаласында қалалық су арналары мекемелерінің бас­шыларының, ТМРА өкілдерінің қаты­суымен өткен кеңесте еліміздің Таби­ғи мо­нополияларды реттеу агенттігі төр­аға­сының орынбасары Аманжол Алпыс­баев­тың айтқан «әулиелік ақылы» да дәлел болғандай. Ол су арналары мекеме­ле­рі­нің басшыларына судың тарифін тағы да қымбаттатуға «кеңес» берді.

TURKYSTAN.KZ. "«Мұндай спектакльге қатысқым келмейді» деген Березовский жұмбақ жағдайда көз жұмды" - Британ полициясы Беркшир графтығындағы өз үйінде көз жұмған атышулы олигархтың өліміне тікелей себеп болар ілік таппаса да, арада аз күн өтпей-ақ миллиардердің буынып өлгені мәлім болды. Бірақ Березовскийді білетіндер оның өзіне қол жұмсағанына үлкен күмәнмен қарайды.

ZHEBE.COM. "«Blogcamp-2013» : біздің назарымыздағы «-» тар мен «+» тар" - Сонымен қазақ блоггерлерінің ІІІ құрылтайы да аяқталды. Интернеттің қазақ тіліндегі сегментінің дамуына әжептәуір  үлес қосып жүрген блоггерлер Алматымен Астанадан соң Шымкентте басқосқан-ды. Ұлыстың  ұлы күні қарсаңында өткен жиында біраз мәселе талқыланды. Тәуір пікірлер айтылды. Дегенмен...

28 наурыз 2013, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.