Атырау, 5 қазан 12:21
 ашықВ Атырау +15
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Еуразиялық одақ – кiмге азап, кiмге ғажап? Денис Тенге алтын даулаушылар сырттан табылды. Ұлтжояр сериялдар немесе чукчаландыру аппараты. Әлия Молдағұлованың осы күнге дейін жерленді деп келген бейіті бос болып шықты.

2 300 просмотра

KTK.KZ. «Әлия Молдағұлованың осы күнге дейін жерленді деп келген бейіті бос болып шықты» - Құлпытасы бар, сүйегі жоқ! Қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың осы күнге дейін жерленді деп келген бейіті бос болып шықты. Соғыс жылдары құжат толтырғандар бауырластар зиратынан шыққан мәйіттердің бірін Әлия деп көрсете салған.

HALYK-GAZETI.KZ. «ӘЛИЕВТІҢ ӘЛЕГІ «ішті күйдіріп, тұз жалатып» тұр» - Жуырда қашқындардың көшбасында тұрған «күйеу бала» да талайдан бері ел ішінде екі көз­қарасты дүниеге әкелді. «Ұсталады, елге қайтарылады» деді біреулер, ал екіншілері «алтын балықтың» ұстатпайтынына нық сенеді. Қоғамда осындай жарылыс тудырған Австрияның Р.Әлиевтiң қылмысын әшкерелеуінде жатыр. Өйткені олар «күйеу баланың» қолы «талайдың қанына был­ған­ғанын» біліп қойыпты.

ZHASALASH.KZ. «Березовскийдiң басына туған күн Әблязовтiң де басына туа ма?» - Олигарх Борис Березовский қалай өлдi? Неден өлдi? Бұл сұраққа қазiр БАҚ атаулы жауап iздеп әлек. Әзiрше олигархтың қазасының құпиясы ашылған жоқ. Лондонның полициясы “Березовскийдiң өлiмiне үшiншi тарап араласпаған (!), денесiнде дақ жоқ” деген екi­ұшты жауап бердi. “Үшiншi тарап” дегенiнiң не екенiн түсiн­дiрген жоқ. “Өзiне-өзi қол жұм­саған” деп те ашып айтпады. Сот-медициналық сарапшылар да олигархтың буынып өлгенiн ескерттi.

«Софы СМАТАЕВ, жазушы: Еуразиялық одақ – кiмге азап, кiмге ғажап?» - Республикалық референдум өткiзу туралы бастама көтеруге арналған жиналыста сөйлеген сөзi.

MASA.KZ. «Зүбайра Әкімова. Әлеуметтік желінің әлегі» - Бақылау жоқтығынан  техника  адам өмірін жалмаса, бірі санасын улап, жанын жаралауда. Осы орайда, осындай сорақылықтардың орын алуына ата-ана тарапынан балаға орынымен көңіл бөліп, заманға сай тағлымды тәлім-тәрбие бере алмауы себеп болуда десек қателеспеспіз. Қоғамдық тәрбие тетіктерінің жоқтығынан интернеттің әлеуметтік желісі мен компьютер ойындарын саудалаушылардың айы оңынан туып, тасы өрге домалауда.

AZATTYQ.ORG. «Денис Тенге алтын даулаушылар сырттан табылды» - Америкалық журналист Моника Фридлэндер халықаралық коньки федерациясы мен халықаралық олимпиада комитетінің атына петиция жазып, мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының алтын медалін қазақстандық Денис Тенге беруді өтінді.

«Чехиядағы АҚШ пен Ресей бәсекесі» - Чехиядағы Темелин атом электр станциясын ұлғайту мәселесі шыққалы Мәскеу мен Вашингтон бәсекесі қыза түсті. Чехия жеңімпазды қыркүйекте жариялайды.

NAMYS.KZ.«Тұрар Шапқара. Ұлтжояр сериялдар немесе чукчаландыру аппараты» - Қазір «Келін» дейтін фильм түсіру сәнге айналды. Түркіменнің «Келін» фильмін білесіздер, сақау фильм және содан артығы жоқ. Өзбектің «Келін» фильмін жұрт сүйсініп қарады, орыс қызын әпсәтте өзбешкаға айналдырып жіберді. Ал, қазақтың «Келін» фильмі нәпсіқұмар жезөкшеге айналдырып тынды. Ал, ұлттық арнада шығып жатқан үндінің «келін» фильміне бір тоқталайық.

JANAOZEN.NET. «Қазақстан демократиясы - 143 орында» - Қазақстан әлемдегі демократия индексі бойынша 167 елдің ішінде 143 орын иеленді. Өткен жылға қарағанда бірден 6 сатыға төмендеген еліміз Африка мен Азияның диктаторлық, жабық тоталитарлық мемлекеттер арасына жайғасты.

EGEMEN.KZ. «Ойыны осылған олигарх» - Сөйтіп… Аспан астын, жер үстін ақ боран мен қара дауылға ұшыратып, жүрген жеріне құйындай тиетін айрықша жан – Борис Березовский де көп пенденің бірі екенін білдіріп, өзінің соңғы 13 жылдағы тұрағы Лондонның түбіндегі Аскот деген қалашықтағы үйлерінің бірінде 23 наурызда, 68-ге қараған шағында бұл өмірден өте шықты. Өлмеуге болатын бір адам болса, тап осы болар еді, өлмеудің жолын таба алатын адам болса, тап осы табар еді.

ABAI.KZ. «Оппозиция: бөліп ал да, билей бер!» - Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) кезекті съездін өткізді. Сәл кешігіңкіреп бізде бардық. Барсақ, сыртта ЖСДП-сы төрағасының бірінші орынбасары Әміржан Қосанов «Мені съезге кіргізбеді» деп сыртта отыр екен. Сөйтіп, Әміржан мырзаны аз-кем әңгімеге тарттық.

«Қазақтар адам екен...» - Бұған дейін «Қазақтар адам емес пе?» деген тақырыпта материал жарияланған болатын. Мақалада Төтенше жағдайлар министрлігінің әлі күнге азаматтарды төтенше жағдайдан құлағдар ету үшін мемтілде смс-хабарлама таратпайтыны көтерілген болатын. Бұл мәселе С.Әбдірешұлы деген азаматтың министрге жазған хатында көрініс тапқан еді. Араға бірнеше апта салып министрдің блогына  да, талап етушінің мекеніне де жауап келіпті. Жауап нақты болмаса да қанағаттанарлық. Алайда, бұл мәселені басқа даазаматтар көтеріп, өзектілігін министрге баса көрсете түссе деген тілек бар.

«Қытай билігі «реформашылдардан» «қызылдардың» қолына өтті»

QAZAQUNI.KZ. «6749…он екіден бірі шығар…» - «Шығар» деп отырған себебім: сонау «халық жауларын» әшкерелеу жылдары неше мың адамның атылғаны, неше мың адамның 10 жылға сотталып кеткені және соңғыларының қаншасының отбасына орала алғаны, қаншасының сүйегі жат жерде қалғаны әлі толық анықталған жоқ.

BNEWS.KZ. «Кедендік одақ: Украина күдікті ме, үмітті ме?..» - Украина Президенті Виктор Янукович Кедендік одаққа қатысты елдің халықаралық міндеттемелеріне қайшы келмейтін тиімді әрі екі жаққа да пайда келтіретін ынтымақтастық құралдарын іздеу қажеттігін баса айтты.

27 наурыз 2013, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.