Атырау, 20 желтоқсан 23:40
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

​Қашағанда мұнай өндіру 17%-ға азайды

1 266 просмотра

Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қашағанда мұнай өндіру көлемінің төмендеу себептерін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болат Ақшолақов Қашағанда мұнай өндіру 8,7 млн тонна немесе биылғы жоспардың 83%-ына тең болғанын мәлімдеді.

Төмендеу тамыз айында "Болашақ" зауытындағы газды бөлу қондырғысының істен шығуына байланысты болды. Қазір кен орны өз қуатының жартысына дейін жұмыс істеп тұр.ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Министр бүгінде оператор өндіріс деңгейін тезірек қалпына келтіру үшін жөндеу жүргізіп жатқанын қоса кетті.

2 тамызда Қарабатан зауытындағы лай ұстағышқа апаратын 12 құбырда газдың ағып кеткені байқалған еді. Құбырлардың бірі жарылған болып шықты.

11 қазан 2022, 15:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.