Атырау, 18 желтоқсан 20:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Орталық Азияны бөлшектейтiн уақыт жеттi". Қулығына құрық бойламайтын» әйелдердің шулағаны жөн бе? Грекия тағы да алақан жайды. Әміржан Қосанов: "Алдымен әркім өз санасында өз референдумын өткізуі тиіс!"

2 462 просмотра

ULT.KZ. "«Қазақстан-2050» Стратегиясына қатысты шаралардың экономикалық топтамасының рейтингісі" - Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігі «Қазақстан-2050» Стратегиясының экономикалық топтамасындағы шараларын объективті бағалауға бағытталған рейтингтік зерттеу жүргізді. Осы стратегиялық бағыттардағы 31 шаралар қамтылып, аталмыш зерттеудің нысанына айналды. Рейтингтік бағаларды алу үшін өзектілігі мен көрсетілген шаралардың сәтті жүзеге асуының шынайылығы сияқты өлшемдер қолданылды. Сауалнамаға сарапшылық, үкіметтік емес ұйымдар мен масс-медиа қауымдастығынан тұратын 35 сарапшылар қатысты.

JANAOZEN.NET. «Ендігі мақсат 200 000-нан астам қол жинау» - Қазақстанның оппозициялық күштері, азаматтық қоғам өкілдері, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері Қазақконцерт залында референдум өткізу бойынша бірінші республикалық жиын өткізді. Жиын қорытындысы бойынша арнайы қарар қабылданып, қол жинаумен айналысатын бастамашыл топ сайланды.

ALASHAINASY.KZ. «Тарифті көтеруден түскен табыс қайда жұмсалып жатыр?» - Қазақстанда ешкімді де қуантпайтын, әйтсе де соны айналып өте алмайтын бір мәселе бар. Бұл – тариф. Тұтынушылар тарифті арттырмай қордаланған, қақыраған мәселені шешу мүмкін еместігін де түсініп қалды-ау. Алайда бағаға сай қызмет қайда? Ең аяғы тарифті көтеруден түскен табыс қайда жұмсалып жатыр?

ZHASALASH.KZ. «Орталық Азияны бөлшектейтiн уақыт жеттi» - Бұл мақаланың Қазақстан оппозициясы Кедендiк одақтан шығу, АЭС салудан бас тарту және басқа да маңызды мәселелерге қатысты референдум өткiзу жөнiнде жиналыс жасардан бiр күн бұрын ғана жария­ланғанын кездейсоқтыққа жатқызуға бола ма? Тақырыбы айғайлап тұрған мақаланың авторлары – Виктор Ядуха мен Александр Шахназаров. Империа­листердiң тамырын тап басатын сая­саттанушылар бiлмесе, жалпы халық бұл екеуiн танымайды. Мәселе бұл екi авторда тұрған жоқ, iз қуалай берсең, “тас қамалды қызыл үйге” апарары сөзсiз.

AIKYN.KZ. «Жан ауыртар жарнама ұлтты ұятқа қалдырып келедi» - Қазір көзіміз түскен жарнама да, қарапайым ескерту қағаз­­дары мен түбіртектің қазақша нұсқасы да қатеге толы. Граммати­калық қателерді елемегеннің өзінде, кез келген сөйлем­нің қазақ ті­ліндегі баламасы ақылға сыймайды. Тіпті оқып отырып езуіңізге күлкі үйі­ріледі. Әрине, мазақ ету емес, жаның ашып, қаның тасығаннан ерік­сіз күлесің.

EGEMEN.KZ. «Грекия тағы да алақан жайды» - Грекия премьер-министрі Антонис Самарас тағы да қарыз сұрап, қарыз беруші «үштіктің» басшыларымен кездеспек. Ол Еуроодақ, Еуропалық орталық банк және Халықаралық валюта қорының басшыларын елге қосымша 2,8 миллиард еуро қарыз беруге көндірмек. Қарыз берушілер осының алдында Грекиядағы экономикалық реформалардың жетістігіне көздері жетсе ғана қарыз беретіндігін мәлімдеген болатын.

«Риэлторлар қызметінде қиғаштық көп» - Бүгінгі таңда қалалықтардың көбісі пәтерлерін жалға беріп, ақша табуды кәсіпке айналдырған. Олардың қайсыбірі басы артық бос пәтерлерін қаржы көзіне айналдырса, енді біреулері күнкөрістің қамымен басындағы жалғыз баспанасын да амалсыз жалға береді екен.

AZATTYQ.ORG. «Майра Назарбаева құдасының жүзігін АҚШ-тан алдырған» - Малайзияда премьер-министрдің зайыбы Росмах Мансордың өмірбаяны туралы кітап шықты. Онда Мансордың қызына Майра Назарбаеваның құда түскені жайында да деректер бар.

SERKE.ORG. «Қулығына құрық бойламайтын» әйелдердің шулағаны жөн бе?»

MASA.KZ. «Әміржан Қосанов. Алдымен әркім өз санасында өз референдумын өткізуі тиіс!» - Біздің санамызға бір төңкеріс керек! Оның мәні мынада: әрбір қазақстандық басындағы күнделікті әлеуметтік қиындықты, әділетсіздікті, қоғамдағы кемшіліктерді елде 20 жыл бойына орныққан саяси жүйемен, нақты билік басында отырған адамдармен байланыстырмай, үлкен саясатқа дүйім жұртты тартпай, ешнәрсеге қол жеткізе алмаймыз! Біздегі орынсыз «шүкіршіл, тәубашыл» психологиядан құтылмай, ешнәрсе өзгермейді! Референдум - соның мықты мүмкіндігі! Ол үшін алдымен әркім өз санасында өз референдумын өткізіп алуы тиіс!

BAQ.KZ. «Талғат Мұсабаев: «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай да түсініспеушілік болған емес».

20 наурыз 2013, 09:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.