24.KZ. "«Өтпелі үкімет» Сириядағы жағдайды ушықтыруы мүмкін" - Сирия оппозициясы өкілдері «өтпелі үкімет» басшысын тағайындау үшін Түркияда бас қосты.
BNEWS.KZ. "Рим Папасының жалақысы қанша?" - І Франциска католик шіркеуінің басшысы болып тағайындалғаннан кейін Libre басылымы Рим папасының жалақы мөлшерін анықтамақ болды.
«Ресей Қазақстанның автокөлік нарығына көліктердің 50 пайызын импорттайды» - Қазақстандық автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ) соңғы ақпан айындағы Қазақстан автокөлік нарығының қорытындысын жасады. ҚАБҚ-ның статистикалық мәліметтері бойынша, ақпан айында сатылған автокөліктер арасында импорт үлесі төмендеп кеткен.
AIKYN.KZ. «Наурызға неге селқос қараймыз?» - Бүгін наурыз айының 19-жұлдызы. Бір-екі күнде әрбір аулаға әз-Наурыз кіреді. Ал дайындықтың иісі де сезілмейді. Күн мен түннің теңелер шағына санаулы уақыт қалса да, базбіреулер «Наурызды тойлау шариғатқа қайшы ма?» деген сұрақ қойып, елдің есін шығарып жүр. Ол ол ма, еліміздің солтүстік аймағын қазақтың Жаңа жылы емес, славянның «масленницасы» жайлап алды. Тіпті Павлодарда «Широкая Масленница» атты жаппай қыдыру мерекесі аталып өтті. Жүзден астам павлодарлық құбыжық бейнесіндегі қысты ортаға шығарып, өртеп мәз-мейрам болды.
EGEMEN.KZ. «Қазақстан салықшылары да пара алады – Қаржы полициясы» - Қазақстанның салықшылары 1 мыңнан 1 млн. теңгеге дейін пара алады. Бұл туралы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) жемқорлықты ашу және ескерту жөніндегі департаменті бастығының бірінші орынбасары Талған Татубаев айтты.
ALASHAINASY.KZ. "«Жындыхана» жетпей жатыр" - Бүгінде қазақтың жүйкесі сыр беріп тұр. Онсыз да саны аз халқымыздың екі пайызына жуығы психоневрологиялық диспансерлерде тіркеуге алынған, бұл – 300 мыңның үстіндегі адам. Дертке шалдыққандарды дер кезінде оқшауламаса қоғам үшін қауіпті екені белгілі. Бірақ қазақтың жалпақ тілінде «жындыхана» аталып кеткен психоневрологиялық ауруларға арналған интернат-үйлер жетіспей жатыр бүгінде.
«Ұлттық музыкамызды «Евровидениеге» неге апармасқа?» - Бүгінде «Евровидение» – жыл сайынғы ән байқауы ғана емес, Олимпиада ойындары сияқты күллі әлемді бәсекеге салып қоятын саяси тартыс та. Оған қатысу мемлекеттік имидж саналады. Қазақстан байқауды ұйымдастырушы – Еуропа хабар тарату одағы мен Еуропа кеңесіне мүше болу үшін қыруар қаражат шығындауы қажет. Мәдениет саласының өкілдері «Евровидениеге» қатысуды үлкен абырой әрі ұлттық өнерді әлемге насихаттаудың бірегей мүмкіндігі санайды. Бірақ әзірше мәселенің шешілетін түрі көрінбейтіндіктен, амбициялы өнерпаздарымыз неше жылдан бері байқауда өзге елдердің атынан бақ сынауға әрекеттеніп жүр.
AZATTYQ.ORG. «Қазақстан полициясын Тони Блэр жақсарта ала ма?» - «Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Нұрсұлтан Назарбаевқа оның жоспарлаған халықаралық сауда келісімдеріне кесірі тимеу үшін Жаңаөзен бойынша айтылған сын-пікірлерді басуға көмектеседі» деп жазады Тelegraph («Телеграф») басылымы наурыздың 17-і күні.
«Жыланбастың көбеюі Балқаш тұрғындарын алаңдатады» - Балқаш көлінде жыланбас деген жыртқыш балықтың көбейгені байқалып отыр. Кей адамдар «бұл балық тез көбейеді, аса мешкей, көлдегі балықтарды жеп тауысады» деп алаңдайды.
ZHASALASH.KZ. «“Тасмағамбетов таққа отырса...”» - Бұл жекелеген адамның емес, белгiлi бiр топтың ұйымдасып жасаған iс-әрекетi. Белгiлi элиталық немесе олигархтық топтардың сол мәселелердi Тасмағамбетовпен байланыстырып қолдауы, немесе оған қарсы бәсекелес топтың ұйымдастырған хаты, – дейдi Расул Жұмалы, – Бiрақ мәселе тек жалған мәлiмдеме жасалғанында емес, сондай мәлiмдемелердiң тууына әкелген қоғамдық саяси жағдайда. Әсiресе, билiктiң сабақтастығы төңiрегiндегi белгiсiздiк. Осы белгiсiздiк неғұрлым тереңдеп, ушыға берсе, осы сарындағы арандатушы хаттар көбейедi.
«Халықпен санасуды талап етемiз!» - Болат ӘБІЛЕВ, саясаткер: "Бiз бiр адамның Нобель сыйлығын алсам деген арман‑қиялының құрбанына айналғалы отырмыз. Қазақстан – ядролық қалдық қоймасы, онсыз да бiрнеше ядролық жарылыс жасалған, уланған жер. Әлемде өзге екi жүз шақты елдiң бiрде‑бiрi өз жерiнде ядролық отын банкiн орналастыруға ниеттi емес. Олай болса, бiздiкi қай сасқандық? Қазақстан ядролық отын банкiнен бас тартуды қолдайсыздар ма?"
JANAOZEN.NET. «Ақорда арнайы бөліммен сақтанбақ» - Ендігі уақытта еліміздегі кез келген наразылық акциялары, митингілер мен ереуілдер аяусыз жаншылып отырады. Себебі, Қазақстанның Бас прокуратурасы көпшілік мәдени-саяси шараларда, митингілер мен ереуілдерде қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында арнайы бөлімше құруды ұсынды.
«Қазақстан зейнеткерлері орта есеппен ең көбі 9 жыл ғана өмір сүреді» - Қазақстан зейнеткерлік жаста өмір сүру ұзақтығы бойынша 60 елдің ішінде 53 орынға иеленді. Моңғолия, Өзбекстан сияқты мемлекеттерден артта қалғанымызбен, неліктен Қазақстан билігі әйелдердің зейнеткерлік жасын ұлғайтуға құлшынып отыр?