Атырау, 18 желтоқсан 20:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Қазақстандық шоу-бизнес «тозып» барады. Ақорда мен Әлиев қақтығысының жаңа айналымы. Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ: «Күнін көре алмай отырған қоғамнан патриотизм күту ақымақтық». «Тіркеу бизнесіне» кім түрткі болды?

2 323 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Батыс Қазақстандағы орыс сепаратизмi немесе Ресейдiң “бөлiп ал да, билей бер” саясаты» - Бологовтың көмекейi “Батыс Қазақстан деп аталатын жеке мемлекет болса...” деп бүлкiл­дей­тiнiн байқаған шығарсыз. “Кiшi жүз өкiлдерiнiң басы ноқтаға сыймайды”, “Адайлар би­лiк­те неге аз?” деп жұқалап отырып әлдекiмдердiң қолтығына су бүркитiндей.

ALASHAINASY.KZ. "«Тіркеу бизнесіне» кім түрткі болды?" - Ауылдан қалаға келген қазақтың басты мәселесінің бірі – тұрақты тіркеу. Тұрақты тіркеуің болмаса қалада қалыпты тіршілік етудің өзі қиын. Ең бастысы, дұрыс жұмыс табу қиын. Сондай-ақ баспанамен қамту бағдарламаларына да қатыса алмайсың. Әлеуметтік жеңілдіктерге де қол жеткізу мүмкін емес. Тұрақты тіркеуің болмаса медициналық көмекке де қол жеткізу қиямет. Сондай-ақ баланы мектепке орналастыру да бір мәселе. Бір сөзбен айтқанда – қалада тұрақты тіркеуі жоқ азамат – мәдениетті БОМЖ.

AZATTYQ.ORG. «Ақорда мен Әлиев қақтығысының жаңа айналымы» - Рахат Әлиев немістің Spiegel журналына берген сұхбатында Австрия сотына баруға әзір екенін, бірақ өзін ұрлап әкетуден қорқатынын айтады. Ол өзіне тағылған айыптарды теріске шығарып қана қоймай, бұрынғы қайын атасы, Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қайтадан айыптаған. Рахат Әлиевтің Facebook желісіндегі парақшасында «Өкіл қайын ата – ІІ. Қылмыс орны - Австрия» деген кітабының жарық көргені туралы хабарланған.

AIKYN.KZ. «Аңдамай сөйлейтін АҚШ президенті Бушизмнің орнын Керризм баса ма?» - АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керридің өз мә­лімдемесінде Қырғызстанды «Қырзақстан» деп атауы әлемдік  деңгейде үлкен пікір-таласқа ұласып кетті. Ғаламтор желілерінде мазаққа айналған саясаткер көп ұзамай ақталуға мәжбүр болды. «Washіngton Tіmes» басылымының хабарлауынша, Джон Керри «Кез келген адамның ақымақ болуға толық құқығы бар!» деп есептейді екен.

«Қазақстандық шоу-бизнес «тозып» барады» - Отандық эстраданың құлдырағаны сонша, оны құтқару үшін қалаулылар Үкімет басшысына жүгініп, одан оны мемлекеттің қоластына алу туралы мәселе көтеруде. Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің кешегі жалпы отырысында бір топ депутат Премьер Серік Ахметовке ресми сауал жолдады. Ең қызығы сол, мұны аттары аталмаған «танымал орындаушылар» сұрап отыр екен.

HALYKSOZI.KZ. "Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ: «Күнін көре алмай отырған қоғамнан патриотизм күту ақымақтық»" - "«Кедейдің күні кіжінумен өтеді» демейтін бе халқымыз. Ал кіжінудің арты жақсылыққа апармайды. Керісінше бұзақылыққа апарып соқпаса".

ANATILI.KZ. «Санмен қатар сапаның да орны ерекше» - "Өзбек қазаққа ең жақын халық екенін түсінуіміз керек. 500 жыл бұрын бір шаңырақтың астында өмір сүргенбіз. Қазақ пен өзбекті династия бөлді. Олар Шәйбани әулетінің соңынан ерді, біз Орыс ханның ұрпақтарын өзімізге хан етіп сайладық. Осы тұрғыдан біздер этнографиялық түсініктемелер жүргізе білуіміз керек. Төлқұжаттарында өзбек деп жазылып тұрса да Қазақстандағы өзбектерді отанына оралып жатқан қазақтар есебінде қабылдауымыз қажет".

ZAN.ZANMEDIA.KZ. "Рәтбек қажы НЫСАНБАЙҰЛЫ: «Мемлекет адамды дініне емес, азаматтығына қарап қорғауы тиіс»" - "Мен 1975 жылы Ливия университетін бітіріп келген кезде Қазақстанда 25 мешіт қана бар екен. Алты облыста мүлдем мешіт жоқ бола­тын. Олар – Қостанай, Торғай, Жез­қаз­ған, Маңғыстау, Өскемен және Тал­дықорғанда. Қазақстанда КСРО-ның ке­зінде 50 мешіт аштым. Мені Кремльге шақырып алып, үш күн тексерді. Кремльде, Министрлер Кеңесінде және басқа жерде. Үшеуінде де жауап берген соң, «аша беріңіз, бірақ, ешкімге құпияны айтпаңыз» деді. Ал, кейіннен, Діни басқарма құрылған соң мыңдап мешіт ашылды".

ZHEBE.COM. «Ерлан ҚАРИН: Қазақтың уайымы көп, бірақ тілегі бір» - "Шын мәнісінде, бұл кәдімгі қулық. Бүгін осылай «мүмкін емес» деп жазуы мүмкін, ертең «ықтималдығы төмен, бірақ жоққа шығаруға болмайды» деп, ал бір күні «әбден мүмкін» деп жоқ проблеманы, жасанды түрде жасаса не істейміз? Және де, осындай секілді материалдарға жауап берудің өзі де қиын. Бір жағынан, жауап бермеу қажет сияқты, өйткені кім біледі, осылай наразылығымызды білдіреміз деп, шу көтеріп, одан бетер бұл жоқ проблеманы таратып, күдікпен жікке бөлінушілік вирусын бүкіл қоғамға жұқтырып қойсақ не болар? Екінші жағынан, байқамағандай отыра беруге тағы болмайды, оның үстіне бұл бірінші материал емес, жыл басынан бері жарияланып отырған осымен екінші мақала".

EGEMEN.KZ. «Шораз тұрмақ Қораз атанса да қашқын қылмыскер әділ жазадан құтыла алмайды» - Бүкіл Еуропа кеңістігін шулатқан «Әлиев ісі» Еуроодақтың комиссары Вивиан Рединг пен Еуропарламенттің құқық жөніндегі комитетінің төрағасы Клаус-Хайнер Лененің жіті назарында екендігін алға тартамын. Күдікті Р.Әлиев мынадай ауыр қылмыстарымен Германияда да, Францияда да, Ұлыбританияда да еркіндікте жүруге хақысы жоқ», деді. Еуропалық құқық қорғау ісінің білгірі айтқан осы сөздер қазақстандық қашқынның ісі тағы бір қадам алға жылжуына үлкен ықпал етіп отыр.

TURKYSTAN.KZ. «Уго Чавестің құпия өлімі» - АҚШ-тың мәліметі бойынша, Венесуэла жыл сайын Кубаға 90 мың баррелге жуық жеңілдетілген бағамен мұнай өнімдерін береді екен. Ал Куба Венесуэлаға он мыңға жуық техника мамандары мен отыз мыңдай білікті дәрігерлерін жіберген дейді. Көрші Боливия үшін Венесуэла газ кеніштерін табуда инвестиция көзі болып табылады. Уго Чавес сол жылдың шілдесінде Гамбидегі Африка елдерінің бірлігі саммитіне қонақ ретінде қатысып, америкалық отарлау саясатына қарсылық көрсетуге Африка елдерін бірігуге шақырды және Латын Америка елдерімен тығыз байланыс орнатуды ұсынды.

 

 
14 наурыз 2013, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.