Атырау, 20 желтоқсан 23:35
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай айдау көлемі қысқарды

1 665 просмотра

"Каспий құбыр консорциумы-Р" (КҚК-Р) баспасөз қызметі Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай айдау көлемінің қысқарғанын хабарлады.

«Қазақстан Республикасының Теңіз кен орнындағы жөндеу жұмыстарына байланысты КҚК құбыр жүйесінің (Теңіз МАС) бас учаскесінде кен орнынан мұнай төмендетілген режимде қабылдануда. Сондай-ақ Қашаған кен орнында мұнай өндірудің тоқтатылуына байланысты КҚК құбыр жүйесіне мұнай қабылдау көлемі қысқарды.

Бұл факторлар Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі арқылы айдалатын мұнайдың жалпы көлемінің айтарлықтай төмендеуіне әкелді.

Мұнай айдаудың режимдік көлемінің қалпына келгені туралы қосымша хабарланады.

Компанияның акционерлері мен жүк жөнелтушілері ағымдағы жағдайдан хабардар және өзекті ахуал бойынша үнемі өзара жұмыс жасайды», - деп хабарлады КҚК.

4 тамыз 2022, 02:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.