Атырау, 18 желтоқсан 21:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

"Үкіметті терроризммен «қорқытты»". «Гүлнәр ТАЗАБЕКОВА: «Қырық жандыларды» қартайғанша жұмысқа салу дұрыс па?». «Ғазиз АЛДАМЖАРОВ: “Билік өзі бөлінсе, өзгелер неге бөлінбеуі тиіс?”». "Сәбетқазы АҚАТАЕВ: «Ұлтшыл болу ұят па?»".

3 547 просмотра

ALASHAINASY.KZ. – «Көлеңкелі бизнес кімнің көлеңкесінде отыр?» - Көлеңкедегі көшет секілді күй кешкенімен, тапқан табысы қыруар көлеңкелі бизнестің бүгінде айдарынан жел есіп тұр. Қаржы полициясы ініне су құйған суырдай індетіп жүріп іздеп тауып, сыбағасын беріп жатқанның өзінде әзірге айылын жимай келеді.

HALYKSOZI.KZ.– «Басы қатқан Божко, үрейі ұшқан халық» - Еліміздің шығыс өңіріне табан тіреген Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Кенді Алтайдың көбесі сөгіле қоймаған үш метр қалыңдықтағы қарын көріп, басы салбырап қайтты. «Әрине мынадай қалың қарды көріп, тек қана жылдам қам жасау керек дегеннен басқа не айтуға болады. Шұғыл түрде қам жасамаса, жағдай шынымен де ушығып кеткелі тұр. Қазірден бастап дайындалмасақ, топан судың астында қалуымыз мүмкін», – деп шарасыздық танытқан Төтенше жағдайлар министрі алапат тасқынға бұл жолы да тосқын бола алмайтынын мойындады.

ULTTIMES.KZ. «Айтылған сөз – атылған оқ» - «Московский комсомолецтің» сайтында Нұрсұлтан Назарбаевтың Ыстамбұлдағы мәлімдемесіне байланысты көлемді мақала жарық көрді. Елбасының бұл пікірі көрші елде үлкен пікірталас туғызған болатын.

«Олигархтың да футболға бар таласы...» - Бүгінде футбол әлемдегі ең бай адамдардың бизнес көзіне айналғаны жасырын емес. Миллиардтаған қаржысы бар олар дүниежүзіне кеңінен танымал клубтар мен атақты футболшыларды сатып алу үшін еш қиналмастан ақша жұмсай береді.

AIKYN.KZ. "Үкіметті терроризммен «қорқытты»" - Мемлекеттік органдардың бірі Үкіметті терроризммен қорқытуда. Министрлер кабинетінің кешегі жиынында осындай тосын хабар айтылды. Сол мекемедегі «тасқамал» қорғанысқа көшкен шенеуніктердің Үкімет басшылығына ықпал етер басқа дәйек-амалы қалмағандай. Бірақ орталық билік кеше «террористермен мәмілелесуге бармайтындығын» анық аңғартты.

NAMYS.KZ. «Гүлнәр Тазабекова. «Қырық жандыларды» қартайғанша жұмысқа салу дұрыс па?» - Қазақта «Әйелдің қырық жаны бар»  деген сөз бар. Бірақ бұны атам қазақ әйелді  қартайғанша отқа да, суға да аямай салуға болады деген мағынада айтқан жоқ шығар. Керісінше  ер адамға қарағанда шыдамдылығы мен не нәрсеге болсын төзімділігіне,  жұмыспен жағаласып жүріп бала туып, үй ұстайтынына  сүйсінгеннен айтқан сияқты.

«Тұрар Шапқара. Көсемнің басы қалай шабылды?»

QAZAQUNI.KZ. «6749 адамды Мирзоян жазықсыз ажал құштырды» - «Бес арысқа» жазықсыз қару кезеліп, «Үш бәйтеректің» аяусыз оталған мезеті Сәуле апай үшін сирақ шапқан мезетпен тең. Өйткені дәл осы қасіретті шақта әкесі Рақым Сүгіров қызыл жендеттерінің қолынан қаза тапты. Сол кездегі сұрқия саясаттың астарында не жатқанын зерттеп зерделеген «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының байырғы мүшесі Сәуле Рақымқызымен әңгімелесудің сәтті түскен еді…

MAIDAN.KZ. «Ғазиз АЛДАМЖАРОВ: “Билік өзі бөлінсе, өзгелер неге бөлінбеуі тиіс?”» - "Осындай әңгімені қоздырып отырғандар – бүгінгі президенттің айналасындағы жағымпаздар. Олар «адайын», «қазағын» қорғауға дәрменсіз, өзінің байлығын қызғыштай қорып отырған топ деуге болады. Сол батыстан шыққан бірде-бір жазушы, биліктің шет жағасында жүрген мұнайшы-байлар бар – екі жылдың ішінде бір топ болып, халқын, тіпті болмаса «адайын» қорғап, хат жазып, үндеу жасауға мұршасы келмеді, сот кезінде бұл дұрыс емес деп айтуға жарамады. Сондықтан ресейлік сайттағы мақала бос әңгіме дер едім".

AZATTYQ.ORG. «Байқоңыр мектептері тұтас Ресейге қарайды» - Байқоңыр қаласы тұрғындарының шағымдарына орай мұндағы проблемаларды үшке бөлуге болады: қымбатшылық, білім беру және денсаулық сақтау мәселелері.

EGEMEN.KZ. «Букмекерлер Римнің жаңа Папасы итальян болады деп болжап отыр» -
Айта кетейік, енді басталған сайлауға 115 таңдаушы қатысады. Олардың үштен екі бөлігі мен тағы 1 таңдаушының, барлығы 77 кардиналдың даусын алған үміткер Рим Папасы болып сайланады. Үміткерлердің бірі осыншалықты дауыс алған кезде Сикстин капелласының мұржаларынан ақ түсті түтін аспанға будақтап ұшады. Сол кезде жаңа Папа балконға шығады. Ал сайлау осы көрініс болғанша жалғаса береді. Жалпы, тарихта сайлаудың бірінші күнінде Папаның сайланған кезі болмапты.

ABAI.KZ. "Сәбетқазы АҚАТАЕВ: «Ұлтшыл болу ұят па?»" - Ұлтын сүйгендігі үшін жаза кесу, "итжеккенге" айдау жағынан коммунистер патша отаршыларынан да асып түсті. Қазақстанның халқын қырып,  жерін тозаққа айналдырды. "Үлкен" ұлттың ұлтшылдығы қазақ халқының мойнына бұғау болып түскенін интернационализмнің жарқын көрінісі деп, арқамыздан қағып, күле сөйлеп, мəз қылып отырды.  Ал,  шынымызды айтсақ,  біздей көнбіс халықтың отаршылдыққа қарсы қойылатын ұлтшылдықтан басқа қаруы да жоқ еді. Ұлтшыл болмағандықтан - жерден айрылдық.

MASA.KZ. «"Жалғыздың" құрылтайы».

SERKE.ORG. «Храпунов Женеваны шулатып жатыр» - Қазақ кландарының араздығы Швейцария аумағына ауысып барады, деп жазады Вернер Грундленер Швейцарияның Neue Zürcher Zeitung газетінде. Қазір бұл мәселемен PR мамандары айналысатын болды. Мысалы, өткен аптада Виктор Храпуновтың коммуникация агенттігі Homburger AG адвокаттық кеңсесін Қазақстан басшылығының атынан Швейцарияның журналистеріне өте құпия құжаттарды табыстады деген кінә тақты.

«Вена соты Рахат Әлиевті іздеп жатыр» - Вена соты Р.Әлиевті сотқа қатысуын талап етіп отыр. Ал оның адвокаттары Р.Әлиевтің сотқа қатысудан қашпайтынын мәлімдеді. Бірақ, бұған сену қиын. Өйткені, ол өзіне тықыр таянғанда із жасырып, тұрғылықты жерін ауыстырып отыруды әдетке айналдырып алды. Кейбір мәліметтер бойынша, қазір ол Мальта аралында тұрмайды, «Латын Америкасы елдерінің біріне өтіп кетті» деген сөз бар.

13 наурыз 2013, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.