Атырау, 11 желтоқсан 14:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

"Назарбаев немере інісін ҰҚК орынбасары етіп тағайындады". С.Мыңбаев: «Егер елдер газ бағасына қатысты өзара келісімге келмесе, Қазақстан көгілдір отынды Қытайға сатады». ‘‘«Әл-Қаида» форумдары терроршыға да, оны аңдушыға да керек’’.

3 324 просмотра

AZATTYQ.ORG. ‘‘«Әл-Қаида» форумдары терроршыға да, оны аңдушыға да керек’’ - АҚШ басшылары интернеттегі «жиһад форумдарын» жабу керек десе, барлаушылар онлайн желілер ақпарат алуға қажет дейді. Азаттық тілшісі «Жиһад желісі» кітабының авторы Аарон Зелинмен әңгімелесті. Жыл сайын шығатын ескі даудың бірі - «Әл-Қаиданың» интернет форумдарын жабу мәселесі. АҚШ мемлекет басшылары «Әл-Қаида» мүшелері интернетті мұсылмандардың Батысқа деген жеккөрінішін қоздырып, жаңа террористер іздеу мақсатында пайдаланып отыр» деп санайды.

ALASHAINASY.KZ.‘‘«Ерлермен бірдей ауыр жұмыс істейтін әйелдердің жалақысына үстеме коэффициент белгілеу керек» деген пікірмен келісесіз бе?’’  - Қазір қоғамымызда «мынау – тек қана әйел адамның жұмысы» немесе «мынау – ер адамға ғана жарасатын тірлік» деген қызметке байланысты арнайы бөлініс жоқ. Етектілеріміз нәзіктігіне қарамай, ер адаммен қатар жүріп, қара жұмыстарды да атқарып жүр. Алайда бәрібір табиғат заңдылығын ескеріп, мереке қарсаңында «ерлермен бірдей ауыр жұмыс істеп жүрген әйелдердің жалақысына үстеме коэффицент белгілеу керек пе» деген сауалды қоғамның талқысына салып көрген едік. Тақырыпты даттаушылар да, жақтаушылар да табылды...

AIKYN.KZ.«Балалар қандай кино көруі тиіс?»  - Депутаттық сауалда оның авторлары «тәрбиелік кино тізіміне» кіргізуге болатын бірқатар туындыларды атайды. Оның қатарында «Қыз Жібек», «Біздің сүйікті дәрігер», «Та­қия­лы періште», «Қыз бен жігіт», «Ана жүрегі», «Менің атым – Қожа», «Ата­ман­ның ақыры», «Транссібір экспресі» және басқалары бар. «Рас, олар шет­елдік кинофестивальдерде қандайда бір баға алмаған шығар, бірақ бұл фильмдердің тәрбиелік қуатының кереметтігі сонша, олармен күні бүгінге дейін көптеген қазіргі заманғы ки­ноленталар бәсекелесе алмайды. Олар адам бойына нағыз достықты, ма­хаб­батты, қаһармандықты, жақсылықты дарытады» дейді депутаттар.

ZHASALASH.KZ.«Маңғыстаулықтардан маза кеттi» - Жапониядағы Фукусима АЭС-i апатқа ұшырағаннан кейiн, әлемнiң көптеген дамыған елдерi Ұлыбритания, Италия, Бразилия, Швеция, Мексика АЭС-тен бас тартуда. Техниканы игерудiң шыңына жеткен жапондардың өздерi де елде бар АЭС-терден бiрте-бiрте құтылмақшы. Қазақстанда АЭС салу – Ресейдiң арнайы тапсырмасы екенi сөзсiз. Бұл АЭС-тi салатын кiм? Техникалық дамуы 40 жыл­ға кейiн қалып қойған Ресей.

EGEMEN.KZ. «Қазақстанда пластикалық бөтелкелер қайта өңделетін болды» - Lemonadoff компаниясының бас директоры Абдулазиз Эрметовтің айтуынша, көше бойында шашылып жатқан пластикалық бөтелкелерді кәдеге жаратудың мезгілі әлдеқашан келіп жетті. Бұл біріншіден, тазалық мәселесін ретке келтірсе, екіншіден, ысыраптың жолын кеседі. Қазір аталмыш кәсіпорын бос пластикалық бөтелкені 10 теңгеден қабылдауда. Ал Еуропаның іргелі супермаркетінде осындай ыдыстарды қабылдайтын арнайы автомат орнатылған екен.

«Кениядағы сайлауда Барак Обаманың бауыры жеңіліске ұшырады» - Бауырлардың ең үлкені Малик Обама жақында Ньянза провинциясындағы Смая округінің губернаторы болғысы келіп, сайлауға қосылып кеткен екен. Алайда, мұхиттың арғы жағалауындағы алып елді бір шыбықпен айдап отырған туған інісінің беделі оған салмақ қоса алмады. Малик бірінші турда-ақ бәсеке жолынан ұшып кетті. Ол тіпті алғашқы үштіктің де құрамына кіре алмай қалды. Шетелдік БАҚ-тар қазір осы туралы жарыса жазып жатыр.

ZHEBE.COM. «Алаш арыстарын «араздастыру» кімге керек?»- Базбіреулер жерден жеті қоян тапқандай «Алаш арыстары араз болған. Мәселен...» деп әлдебір деректерді көлденең тартып сөйлеуге әуес. Ал шын мәнінде Алаш арыстарының арасы қандай болған? Бұл туралы айтпас бұрын әуелі мына бір мәселенің ара жігін ажыратып алу керек. Ашығын айтсақ, алаштықтарды біз өзіміз бір-біріне қарсы қойып, араздастырып жүрміз. Мәселен, байыбына бармастан Мұстафа Шоқайды Әлихан Бөкейханға айдап саламыз. Ал М.Шоқай көзі тірісінде Әлекеңді өзінің ұстазы санап, тіпті күрделі кезеңде ақтап қалған болатын.

«Ресей қазақтың арасына іріткі салғысы келеді»  Мақала авторы  ең алдымен Жаңаөзен  оқиғасынан кейінгі елдегі жағдайларға сараптама жасағысы келеді. Айтқысы келгені Маңғыстау түбегіндегі қайғылы оқиғадан соң  еліміздің батысында  орталыққа бағынғысы келмейтіндердің қатары көбейіпті-мыс. Жаңаөзендегі толқуларға  әлеуметтік жағдай ғана емес,  байтақ мекеннің күнбатысын мекен қылған қазақтардың  Каспийдің жағасында  автономия құруға, тіпті тәуелсіздік жариялауға  дейін барығысы келетін  ұмтылыстары әсер етіпті-мыс. Сонымен бірге  қазақтың тарихын бүге-шігесіне дейін білетіндей сайраған автор  қазіргі Қазақстан аумағында  Ресей империясына  қосылғанға дейін  үш мемлекет болғандығын айтады.

ULT.KZ. «Жер жалдау»- Жер кестіріп алғандар маңайындағы оброщный статья жерлері қазақ пайдасынан кетеді дегенде қамығып, жығылғанның үстіне жұдырық болды, ізденсек қайтер екен деген көңілде жүр еді. Енді бүгін көріп отырмыз, 15 десятинаның аздығын білсе де амалсыздан қала болғандар һәм соңынан оброщный статьядан айырылғандар, сүйтіп өрісі тарылғандар бір күндік ақшаға қызығып, жерлерін орысқа жалдай бастапты. Мұнысы үкімет қазаққа 15 десятина көп екен, міне, өздері артық жерін сатып, жалдап жатыр деуіне дәлел үшін бе, жоқ, Құдай береке беріп, жерлері өсіп кетті ме, өздері біледі.

JANAOZEN.NET. "Назарбаев немере інісін ҰҚК орынбасары етіп тағайындады" - 35 жастағы Самат Сатыбалдыұлы Әбіш - президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Яғни оның туған інісі Сатыбалды Назарбаев пен «Дәуір» баспа үйінің қожайыны Светлана Назарбаеваның ұлы. Ол 1978 жылы 20 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. 2006-2009 жылдары әділет министрлігі, ҰҚК-де түрлі басшылық қызметтер атқарған.

‘‘«Нұр Отан» тарифтердің қымбаттауын қолдайды’’ - Билік партиясы «Нұр Отан» жетекшісі Бауыржан Байбек коммуналдық тарифтердің қымбаттауын дұрыс деп біледі. Оның айтуынша, біздің халық тым ысырапшыл, ал бағаның өсуі азаматтарға тиісті сабақ болады. Байбектің сөзінен түсінгеніміз ендігі Қазақстан азаматтары суды үнемдеу үшін балаларын жуындырған суға өздері жуынып, ыдыс жуған сумен еденді де жуып алуы тиіс. Сонда Бауыржан Байбектің жанұясы да бір суға бәрі қатар жуынып шыға ма, әлде ыдыс жуған суымен үйін де жинап шыға ма? Өздерін халықтық деп атайтын билік партиясының халықтың мүддесін ысырып, ашық түрде монополистердің мүддесін жақтауын қалай түсінуге болады?

«АҚШ-тың Орталық Азиядағы ықпалы артады ма?»- АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті (Госдеп) мен Халықаралық даму бойынша америкалық агенттігі (USAID) Орталық Азия мемлекеттерінде қауіпсіздік сақтау үшін бөлетін қаржысын 12 пайызға азайтты. Дегенмен, Америка сияқты әлемдік держава Орталық Азиядағы ықпалын төмендете ма? Өткен жылы АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті Орталық Азия мемлекеттеріне 133,6 млн. доллар бөлген екен. Департаменттің ұсынған құжатына сәйкес, бюджетті 12 пайызға қысқартқанда биылға 118,3 млн доллар көзделіпті. Бірақ, бұл қысқартулар АҚШ-тың Орталық Азияда өз ықпалын сақтап қалу мүддесін тоқтата алмайтыны айқын.

TURKYSTAN.KZ.«Қазақ азаматтығын алудың қиындықтары» - «Түркістан» газетінің редакциясына хабарласқан бір топ оралман 2013 жылдың басынан бері Қазақстан азаматтығына құжаттар тапсырудың азапқа айналғанын айтып шағымданды. Олардың саны шамамен 15 адамдай. Барлығы Қытайдан келген. Осыған орай, «Түркістан» газетінің редакциясы «Қазақстан азаматтығын алудың түйткілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасынан Оралмандар мен босқындар ісі жөніндегі бөлім бастығы Күлсім Ысқақова мен Азаматтық бөлімнің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы Ләззат Мұхитовалар қатысып, азаматтық алуда кездесіп жүрген кедергілерді талқылады. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге «Жебеу», «Жанашыр» қоғамдық қорларының өкілдері, жеке кәсіпкерлер, журналистер қатысып, өз ойларын ортаға салды.

BAQ.KZ.  ‘‘С.Мыңбаев: «егер елдер газ бағасына қатысты өзара келісімге келмесе, Қазақстан көгілдір отынды Қытайға сатады»’’ - Қазақстандық тарап ресейлік әріптестеріне қатуылы! Өткен аптада Сенатта сөйлеген сөзінде қазақстандық шенеунік Сауат Мыңбаев отандық көгілдір отынды солтүстік көршісіне сату, сатпау жайын сөз еткені белгілі. Егер қос тарап отынның құнын келісіп құптай алмаса еліміз қажет көлемді газды Қытайға жөнелтеді, - деп баяндаған еді ол.

INFORM.KZ.«Adios, Comandante! «Өтінемін, менің өлуіме жол бермеңдерші» - Уго Чавес» - Экс-көшбасшының өмірінің соңғы минуттарында қасында болған президент күзетінің басшысы оның: «Менің өлгім келмейді. Өтінемін, менің өлуіме жол бермеңдерші», деген соңғы сөздерін жария етті. «Ол сөйлей алмады. Бірақ мен оның ернінен: «Өтінемін, менің өлуіме жол бермеңдерші», соңғы тілегін оқи алдым», дейді генерал Хосе Орнелья. 59 жастағы Уго Чавестің өмірден өтінуінің ресми себебі ауқымды инфаркт екендігі айтылуда. Соңғы 2 жылдың ішінде ол ауыр онкологиялық ауруға шалынуына байланысты төрт мәрте ота жасатқан еді. Ал өткен жылдың желтоқсан айынан бастап бұқара алдына шығуын тоқтатқан болатын.

11 наурыз 2013, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.