Атырау, 29 маусым 22:08
 дождьВ Атырау +21.4
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26

Қашағанда өндіріс тоқтатылды

2 076 рет қаралды

1 маусымнан бастап NCOC компаниясы жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Қашаған кен орнының теңіз және құрлық кешендеріндегі өндірістік нысандарының жұмысын тоқтатады, делінген компанияның сайтында. 

Жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу - анағұрлым маңызды іс-шаралардың бірі және ол бірнеше жылда бір рет нормативтік талаптарға және өндірістік қажеттіліктерге сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін өндірісті қысқа кезеңге толық тоқтатуды көздейді. 

Қашаған кен орны өндірістік нысандарының жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу өндіру жүйесінің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың, ҚР нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген міндетті іс-шаралар мен инспекциялардың жүзеге асырылуын, сонымен қатар өнімділікті және өндіру жүйесінің сенімділігін оңтайландыру мен одан әрі арттыруға арналған бірқатар жұмыстар мен жобалардың орындалуын көздейді. 

Көлемі 2 млн адам-сағаттан асатын ауқымды жұмыстарды 45 күн ішінде орындау жоспарланып отыр.

Қашаған кен орны соңғы онжылдықтарда ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып есептеледі. Оның өндірілетін қорлары бағалау бойынша 9-13 миллиард баррель мұнай аралығында. Қашағанда коммерциялық өндіру 2016 жылғы күзде басталды. 

1 маусым 2022, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.