AIKYN.KZ. ‘‘«Қашқын» әкеге қандай жаза бар?’’ - Елімізде бауыр еті баласының алдындағы парызын өтемей жүрген әкелердің қарызы үдеп барады. Яки «қашқын» әкелер балаларына 3,5 миллиард теңге берешек. Ал жалпы елімізде100 мыңнан аса бала әкенің материалдық қамқорлығына зәру.
«Каспийдегi кеменi кiм мiнiп жүр?» - Ең сорақысы сол, біздегі Ақтау порты арқылы «паромдық тасымал» нарығын 100% әзірбайжандық компаниялар жаулап алыпты.
INFORM.KZ.«АҚШ, Еуропа, Қытай және Кеден одағы елдерінің экономикалық жағдайы Қазақстан экономикасы үшін барынша тәуекел төндіреді» - ЕҚДБ мәліметтері бойынша, Қазақстан Ресейдегі ахуалға барынша тәуелді. Сондықтан да қазіргі уақытта Ресей экономикасының капиталды ауқымды түрде шығаруы, басты макроэкономикалық көрсеткіштер, сонымен қатар валюталық және девальвациялық тәуекелдердің төмендеуі сынды ірі тәуекелдердің Қазақстан үшін маңыздылығы күшейеді.
«Хиджабтың дінге еш қатысы жоқ» - «Біз хиджаб мәселесіне қатысты баршаға ортақ ұстаным қалыптастырмасақ, бара-бара қазақтың қыз-келіншектері қоғамдық орындарда ерлермен бірдей жүріп-тұрып, қоғамдық қызметке еркін араласа алмайтын халге жетіп, өзінің тұлға ретіндегі, азамат ретіндегі әлеуетін толық мәнінде жүзеге асыра алмайтын болады. Оның айқын мысалын әйелдердің белсенділігі қашанда төмен болып келетін араб елдерінің жағдайынан аңғаруға болады», - дейді ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шәріп.
MASA.KZ. «Татарлар: Мемлекетімізді қалай атау керектігін Ресей шешпейді» - Сенбі күні Татарстан астанасы Қазан қаласында «Татарстан– тәуелсіз мемлекет. Оның жетекшісі– Президент» деген атаумен митинг өтті.
«Матвиенко ханым! Мемлекетімізді калай атау керектігін сіз шешпейсіз!», «Этноцид үшін Ресей Федерациясын Еуроодақтан шығаруды талап етеміз!», «Татарстан Республикасының конституциясы Мәскеудің бұйрығы бойынша күнде өзгере беретін төсеніш емес!» деген жалауларды көтерген Татар ұлтының өкілдері Путин режимінің Татарстанға қаратқан саясатына қарсылық білдірді.
ABAI.KZ.«Жаңа ақпараттық саясат: қандай мәселелер шешімін табуы керек?» - Мына заманда облыстық, аудандық газеттерге жастар бармайды. Қайтіп барады? Екі жастың біріне келмей қартайып, қаусап отырайық деп бара ма? Өйткені облыстық газеттердегі патриархтар, ақсақалдар дейікші, сені өзінен асырғысы келмейді. «Бала, қайда барасың, тоқта, - дейді. - Біз сендей кезімізде үлкендерге дүкеннен отты су мен темекі таситынбыз. Сенде әйда, шап, мәгәзінге!» Бұл бір жағынан қызық, өзінше тәтті өмір. Бұзғың келмейді. Бірақ бүгінгі ақпараттағы аламан бұндай өмірге қарамайды. Сондықтан облыс орталықтарынан қазақ сайттарын ашу керек.
KALAISYN.KZ. «Бір кем дүние» - 7 наурыздан бастап Қазақстан кинотеатрларында «Global studio» киностудиясының режиссері Төлеген Бейсеттің «Бір кем дүние» атты фильмі көрсетіле бастайды.
AZATTYQ.ORG. «Атабаевтың азаматтық белсенділігі Германияда арта түсті» - Азаматтық қоғам белсендісі, өзін неформалдық, жаңа бағыттағы театр режиссері деп санайтын Болат Атабаев Жаңаөзен оқиғасынан кейін билік тарапынан қысымға ұшыраған болатын. ҰҚК-нің тергеуіне ілінген режиссер 2012 жылғы маусымда тұтқындалып, Ақтау қаласындағы абақтыға түскен. Көп ұзамай шілде айында кинорежиссер Ермек Тұрсыновтың ҰҚК-мен жүргізген «құпия келіссөздерінен» соң босатылған.
ALASHAINASY.KZ. «Әйелге жұмыс істегені үшін емес, бала туғаны үшін жәрдемақы төлеу керек» - Қазіргі таңда аналарға жүктілігіне, бала тууына, күтіміне байланысты берілетін әртүрлі жәрдемақы қарастырылған. Алайда ол барлық аналарға бірдей берілмейді. Дәлірек айтқанда, жұмыс істемеген аналар жәрдемақының бірқатарына қол жеткізе алмайды. Өйткені кейбір жәрдемақылар әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Ал жұмыс істемеген аналар ол қорға ай сайынғы жарнаны аудара алмайды. Сондықтан оларға жәрдемақы төленбейді.
HALYKSOZI.KZ. «Мамин мырза, теміржолшылар қазасына кім жауап береді?!» - Оқиға сағат екі жарымдар (Астана уақытымен) шамасында болған. Хат авторының есебінше, бұл кезде жергілікті уақытпен сағат бір жарым, демек түскі ас мезгілі.
«Жұмыс уақытынан тыс кезде де жол жөндеп жүреміз. Соған қарамастан сендер компанияға шығын әкелесіңдер дегенді жиі естиміз. Сонда артығымен жұмыс жасасақ та, шығынға батырып жатырмыз ба? Шамадан артық еңбектенсек те, адал еңбекпен атқарған сағаттарымызды қысқартып тастайды. Бірақ, осы жайттарға қарамастан теміржолшылар ақшаны не табысты мақсат тұтпайды, уақытпен, аязбен санаспай, жол қозғалысы қауіпсіздігіне алаңдайды, түскі асқа бөлінген бір сағат уақытқа қарамай, жолдағы ақауды қалпына келтіруді ойлайды. Олар теміржолды индустрияландыру үшін, алтын сапа үшін жұмыс жасайды, жандарын береді. соңында өздері кінәлі болып шығады», – деп түйіндейді автор.
«Бізге де бір Жириновский керек» - Жириновскийді біз не үшін жақтырмаймыз? Қазаққа қастығы, қиямпұрыс ойлары үшін. Алматыда туғаны болмаса, қазаққа үш қайнаса сорпасы қосылмайтын Жириновскийді орыстың ұлттық мүддесі үшін, оның ішінде тілі үшін шыр-пыры шығып жүрген саясаткердің бірі ретінде мойындауға болатын шығар. Дәл қазір қазаққа осындай тұлға жетіспей тұр десек ешкім жағамыздан ала қоймас.
ZHASALASH.KZ. «Ақорданың ақылшылары» - Халықаралық кеңесшiлердi тартудан Ресей де қалыспайды. КСРО құлай сала үкiметке кеңесшi ретiнде шақыртылған швед Андерс Ослунд пен американдық Джеффри Сакс та ақылшы болып жетiстiрмедi. 1994 жылы үкiметпен шекiсiп қалған олар “Ресейдiң орталық банкi қарапайым монетарлық саясатты бiлмейдi” деп есiктi тарс жауып елдерiне кетiп қалған. Мұнан кейiн 1997 жылға дейiн Украина үкiметiнiң кеңесшiсi болған Ослунд кейiн Асқар Ақаевқа да жалданған.
«10 сотық пен екi шаршы метрдiң арасы...» - Өткен аптаның соңында өңiрлiк даму министрлiгiнiң жер ресурстары жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары Қадырхан Отаров мәжiлiсте мәлiмдеме жасады. Оның пiкiрiнше, тұрғын үй салу үшiн 10 сотық жердi тегiн берудi тоқтату қажет. Мұны Жер кодексiне тасқа басқандай етiп жазып, тегiн жер алғысы келетiн миллиондардың үмiтiн үзбек.
ZHEBE.COM.«АМАЛ - көктемнің де, жылдың да басы» - «Амал» аталатын күнді бүгінде елдің батыс аймағында біршама өңір ғана атап өтеді. Ал, бұған дейін оны Қазақстанның Маңғыстау аймағынан бастап Сыр өңірінің барлығы,Қостанай, Торғай аймағына қоса, ресейлік Ажтархан (Астрахан), Сарытау, Самар, Орынбор облыстарының қазақтары (бұлар «қамал» дейді) да мерекелейтін. Бүгінде Наурызға әрі жаңа жыл, әрі Күн-Түн теңесімі ретінде мазмұн беріліп, 21-22 наурызда мерекелеу қолға алынып, алдыңғы нұсқа біраз өңірде ұмытыла бастады.
SERKE.ORG. ‘‘«Ақ жолдың» тағы бір депутаты кеткелі жатыр’’ - «Ақ жол» партиясының атынан Мәжілісте отырған 8 депутаттың төртеуі Алматы облысының тумалары: Азат Перуашев, Азамат Әбілдаев, Нұрлан Жазылбеков, Сағитолла Сәрсенов. Кейде бұларды «Жетісу кланы» деп те атайды. Оның үстіне, Сағитолланың әкесі Өмірзақ Сәрсенов - аймақтағы өте беделді адамдардың бірі, «Жетісу кланының» «өкіл әкесі» деп айтылып жүр. Сағитолла Сәрсенов депутаттықтан кетсе де, бұл топтың «Ақ жолдағы» және партияның парламенттік фракциясындағы ықпалы сол күйінше күшті болып қала бермек.