Атырау, 23 сәуір 15:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Астана шенеуніктері шекпендерін ауылдықтың күпісіне ауыстыра ала ма? Шыңғыс хан Қазақстанда жерленген. Өз елінде өзбекше оқитын қазақтар. Cерік СЕЙДУМАНОВ: "Алматы 10-15 жылдан кейін ескі атауын қайта алатын шығар".

2 234 просмотра

ALASHAINASY.KZ. «Астана шенеуніктері шекпендерін ауылдықтың күпісіне ауыстыра ала ма?» - Билік пен халық арасы алшақтаған сайын, мемлекеттің іргетасы қақырай бастайды. Сол себепті де атқамінерлер әрдайымда атының басын өңірлерге бұрып тұруы керек дейтінбіз. Енді шенділер ат басын өңірлерге бұрып қана қоймай, тұлпарларын сол аудан­дық һәм ауылдық елді мекендерге қаң­тарып қоя ала ма? Саясаттанушы Айдос Сарым «жас шенеуніктерді аймақ­т­арға жіберу арқылы олардың біліктілігін арттырып, аймақтың тірші­лігін көрсетіп, тарихи, табиғи түйсі­гіне ықпал етіп жатсақ, бұдан ұтыл­май­мыз» дейді.

HALYKSOZI.KZ. «Cерік СЕЙДУМАНОВ: АЛМАТЫ 10-15 ЖЫЛДАН КЕЙІН ЕСКІ АТАУЫН ҚАЙТА АЛАТЫН ШЫҒАР» - Алматы қаласы әкімінің орынба­сары болып ұзақ жылдар қызмет ат­қар­ған Серік Сейдуманов сәрсенбіде Мә­жіліс депутаты болып тағайындалды. «Алматыға Алма-Ата атауын қайтару  керек» деген әйгілі бастамасымен жұрт­ты дүрліктірген Сейдумановтың ен­ді халық қалаулысы деген дардай аты бар. Мәжіліс депутаттарына Секеңді таныстырған спикер Н.Нығматулин оның жаңа қызметіне табыс тіледі.

BAQ.KZ. "Қарақат Әбілдина, әнші: «Талғамсыз тыңдармандар көбейіп барады»" - "Барлық қол жеткізген жетістіктерім бірінші Құдайдың, содан кейін күйеуімнің арқасында екендігін мойындаймын.
Қазақ әулие халық, «Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық» деп бұрында-ақ айтып қойған. Және халқымыздың мұндай даналық сөздеріне бей-жай қарауымызға болмайды. Бәлкім бүгінгі әйелдердің еркегінің алдына түсіп, тым белсенді болып кетуі ақырзаманның бір белгісі шығар. Не болса да арты жақсылыққа алып бармасы анық".

AZATTYQ.ORG. «Депозиттердің сыйақысы инфляция деңгейінен төмен» - Қазақстан банктерінде салымдардың көлемі ұлғайып, несиелендіру деңгейі керісінше құлдырай бастады. Бірақ халық ақшасын әлі де негізінен банкте сақтайды.

«Сталиндік террор тоғыстырған қос тағдыр» - Cталин ашқан ГУЛАГ жарты ғасырдан аса жұмыс істеді. Алайда туған жерінен жырақта жүріп оның зардабын тартқан жандар әлі бар.

KAZAKH.IRIB.IR. - «Иран мен «алтылық» топ арасындағы келіссөздер және сионистік режим басшыларының айғай-шуы» - Америка мен Израильдің ортақ дипломатиясы, шын мәнінде, негізсіз уәждер арқылы Иранға қарсы қысымдарды күшейтіп, бұл елді өзінің тәуелсіз ұстанымынан шегіндіріп, сонымен қатар аймақтағы АҚШ пен Израильдің заңсыз мақсаттарына жол ашып, Иранның жетістіктерінің алдын алуды көздеп отыр.

«Түркия мен Франция барлау ұйымдарының Башар Асадқа террор жасау талпынысы» - Түркия мен Францияның барлау ұйымдары өздерінің күн тәртібіне барлық мәселеден гөрі басымдылыққа ие басқа миссияны енгізді: ол да Сирия президенті Башар Асадқа террор жасау. 

SERKE.ORG. «Шыңғыс хан Қазақстанда жерленген» - Шыңғыс ханның жерленген жері белгілі болды. Ол Алтай өңіріндегі Риддер қаласының маңындағы ойпатта жатыр. Бұл туралы тарих ғылымының кандидаты Владимир Осколков K1.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.

«Еуропа «саусақ таңбасын» қабылдайды» - «Еурокомиссия Еуропалық Одақтың (ЕО) азаматы емес адамдардың барлығына болашақта Еуропа елдеріне кірер кезде саусақ таңбаларын тапсыру міндетін заң жүзінде енгізуді ұсынып отыр» деп жазады Tageszeitung. Алынған деректер автоматтандырылған есеп жүйесінде сақталады, оны қажет болғанда полиция қарап сараптай алады.

TRTKAZAKH.COM. «ЖАПОНИЯНЫ АЛАҢДАТҚАН АПАТ РАПОРТЫ» - Жапон мамандар болуы ықтимал үлкен бір зілзаланың артынан туылатын үлкен бір цунамидің жүзмыңдаған адамның қаза табуына және миллиондаған долларлық бір шығын келтіретінін ескертуде.

«ПАТШАЙЫМ ЕЛИЗАВЕТА НАУҚАСТАНДЫ» - Патшайым Екінші Елизаветаның ресми ғимараты Букингем сарайынан кеше жасалған мәлімдемеде 86 жасар Патшайымның ас қорыту және асқазан науқастары болған “Гастроэнтерит” себепті “алдын алу және анықтау” мақсатымен ауруханаға жатқызылғаны білдірілді.

ZHEBE.COM. «Өз елінде өзбекше оқитын қазақтар» - Қазақтың қаймағы бұзылмаған мекені Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында 120 қазақ баласы өзбек мектептерінде оқып жүр. Ақпарат кеңістігін  дүр сілкіндірген  мәселе 2013 жылдың 23 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облыстық Білім басқармасының бастығы А.Елшиева ханымның есеп беру  жиынында белгілі болды.

«Ханбибі ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ: "Ақбілек" романы Шымкентте жазылған-ды» - Қиын - қыстау заманда көптеген алаштықтар Шымкент қаласына келіп, осында паналады. Жүсіпбек Аймауытұлы өзінің классикалық «Ақбілек» романын осы Шымкент топырағында жазған. Сондықтан да Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтын Жүсіпбек Аймауытұлының атына берсе, артық болмас еді.

EGEMEN.KZ. «Швейцария тұрғындары 2022 жылы Олимпиада өткізуге қарсы» - Сарапшылардың бағалауынша, Ойындарды өткізуден түсетін табыс мөлшері 1,5 млрд, швейцар франкін (1,6 млрд. АҚШ доллары) құрауға тиіс. Бұған қоса, Швейцария үкіметі Олимпидаға байланысты кантонға 1,3 млрд. франкті арнайы бөлуге уәде еткен еді. Алайда, соңғы 50 жылда өткізіліп жүрген Олимпиялық ойындардың тәжірибесі көрсеткендей, аталмыш жобалардың құны бастапқы бағамен салыстырғанда, орташа есеппен 179 пайыз қымбатқа түсетін көрінеді.

4 наурыз 2013, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.