Атырау, 18 желтоқсан 20:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Амангелді АЙТАЛЫ: «Қазақ тіліне сұраныс жоқ елде, латын әліпбиіне сұраныс бола ма?». Ресей екі жылдан кейін ыдырайды. Сейдумановтың секірісі, Пауэллдің дәрісі және «отырып қалған» шенеуніктер.

3 239 просмотра

HALYKSOZI.KZ. "ИРАН-ҒАЙЫП: «ФАТИМАНЫ» ҚАЙСЫ «БАЙЫНА» ҚАЛДЫРЫП КЕТТІҢІЗ...»" - Кейде Ақсақ Темірдің шамына тиіп алдым ба, бірдеңесінен мүлт кеттім бе деп те өкінемін. Ақсақ Темір туралы драмалық дастанды жастықтың сәдірмек буымен, басқалай ештеңені ойламай жаздық қой, қазір түсінгенім Ақсақ Темірге кімде-кім «ауыз» салса, сол адам қайғы құшағында қалады екен. Мен де қарадай ұрындым ғой, оны білсем Ақсақ Темір жайлы жазып нем бар?

ABAI.KZ. «Сейдумановтың секірісі, Пауэллдің дәрісі және «отырып қалған» шенеуніктер» - Менің есімде Сейдуманов әртүрлі қоғамдық-саяси мәселелер мен жағдайларға конституциялық құқын пайдалана отырып, алаңға шыққан түрлі топтарды «залалсыздандыру» мақсатында соңынан полицейлерді шұбыртып алып жүретін кейпінде қалыпты.

ALASHARENA.KZ. «Аңшылық архаизмге айналып кеткен жоқ па?!» - Жалпы, бүгінде республика бойынша бір-ақ құсбегілер мектебі бар. Еңбекшіқазақ ауданының Нұра ауы­лында орналасқан. Саятшылыққа қызыққандар осында жаттығып, қыран құстарды да осы жерде баптайды. Илантау бөктері бүркітшілердің жаттығуы үшін таптырмас жер. Түлкі, қарсақ, қояндарың мұнда жетерлік. Бірақ жойылып кетудің сәл-ақ алдында тұрған көрінеді. Құсбегілердің емес, әлгі жердің қойнауына қызыққан «ХЭМКО» ЖШС-нің кесірінен. Бағдат Мүптекеқызының айтуынша, Қазақстандағы Әзір­байжан диаспорасының төрағасы Әбілфайыс Хамедов басқаратын әлгі ЖШС өткен жылдың сәуір айынан бері Илантаудан карьер қазып, тас өнімдерінің үш түрін өндірумен заңсыз табыс тауып келеді екен.

ULT.KZ. "Амангелді АЙТАЛЫ: «ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ СҰРАНЫС ЖОҚ ЕЛДЕ, ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ СҰРАНЫС БОЛА МА?»" - Кирилл әліпбиімен де отаршылдық саясатты байланыстырудың қисыны бар. 1910 жылы 13-26 маусымда Қазан қаласында өткен мисиионерлердің сьезінде орыстар: «Алфавит служит целям государственного обьединения» деп ашық айтқан. Барлық бодан халықтарды бір тілде, орыс тіліне, бір дінге, бір әліпбиге ауыстыру ХХ ғасырдың басында ойластырған саясат. Енді бүгін сол саясаттың қасіретін шегіп отырған ұлттың бірі – біз, қазақтар. 

AIKYN.KZ. «Теріс саясат терлетіп тұр» - Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің кешегі жалпы отырысында депутат Т.Өмірзақов дабыл қақты. Оның айтуынша, Ұлттық банк еліміздің актив қорларын алтында емес, доллар-евро секілді валюталарда және құнды қағаздарда сақтап отыр, ал олардың «қу қағазға» айналып кету қаупі бар. Сонда Қазақ елі мұзға отырып, «тақыр кедейге» айналып шыға келмек. Оған жол бермеу үшін, депутаттың айтуынша, көрші Ресейдей алтынды молынан сатып алуға кірісу қажет. Қалаулы бұған қоса, Г.Марченкоға алтынымыздың бір бөлігін Қазақстанға әкелуді ұсынды.

«Түркі әлемінің ғасыры түркілерді біріктіре ала ма?» - «Түркі» деген жасанды сөз. Ондай сөз ескі қазақ, не орыс кітаптарының ешқайсында жоқ. Өздеріңізге мәлім, 1923 жылдың басында Анвар патша бізді құтқарамыз деп келіп, екі арада соғыс болды. Олар әзірбай­жандарды өздеріне біріктіріп алар еді, бірақ Түркияны құтқару үшін бауырлас халықты құрбандыққа шалды. Ол кезде Ленин мен Ататүрік дос болған. Себебі екеуі де Анварға қарсы еді. Осылайша Әзірбайжан демократиялық республикасы құрылып, орыстардың құрамына кірді. 
Ол жақта Ататүрік бастап, өздерін «түрік» деп атай бастады.

ALASHAINASY.KZ. «Бүгінгі ұрпаққа «үлкен террордың» шындығы айтылуы керек» - КПСС Халық комиссары Ежовтың №447 шұғыл бұйрық бойынша жүзеге асқан «үлкен террордың» ең бірінші құрбанының аяусыз оққа ұшқан күні 1938 жыл дың 25 ақпаны болатын. Және бір айтар лығы, ату жазасына кесілгені туралы жария етілгені де осы 19 комиссардың өлімі еді. Себебі сіз орындалып отырған басқа да қазақтың бәлен мың азаматының атылғаны туралы ақпарат аса құпия сақталып, жақын туыстары, жалпы, қазаққа «олар он жылға жер аударылды, хат жазып, хабар алмасуға қатаң тыйым салынды» дей салған.

MUSLIM.KZ. "Валери Амос: «Сирияда 4 миллион адам көмекке мұқтаж»" - Оның айтуынша, жығылғанға жұдырық болып тиген қаһарлы қыс айы да сириялықтардың жағдайын қиындатып жіберген. 650 мыңнан аса адам бас сауғалап, елден кеткен. Сириялық босқындар Түркияны, Ливанды және Иорданияны, сондай-ақ, Солтүстік Африка мен Еуропаны паналаған.

TURKYSTAN.KZ. «ЖҮРЕК ХИРУРГИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ ӘЛІ ЖАС» - Соңғы екі жылдың ішінде елімізде трансплантация ісіне айтарлықтай қан жүгірді. Бұған А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында бауырға, бүйрекке жасалып жатқан оталардың нәтижесі дәлел бола алады. Ал орталықта қан тамырлары хирургиясының да алатын орны ерекше. Біз бүгінгі медицинаның жетістігі мен кемшілігі жөнінде А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Сәбит Бексейітұлы әңгімелеп береді.

NAMYS.KZ. «Ресей екі жылдан кейін ыдырайды» - АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының сарапшылары «2015 жылға қарай Ресей 6 немесе 8 мемлекетке ыдырап кетеді» деген болжам жасады. Осы ұйымның сайтында (http://www.cia.gov) әлемнің алдағы 10 жылдағы даму барысына жасалған жоспарында Орталық Азия республикаларымен шектесетін Ресейді қазір тұрақсыздық жайлағанын және жуық арада бұл елдің іргесі сөгіліп, бірнеше мемлекетке бөлінетіні айтылыпты. Бұған қазіргі Ресейдің тым тұйықталып, барған сайын экономикалық әлеуетінен айырылып бара жатқаны түрткі болатын көрінеді. Жалпы ЦРУ мұндай болжамдарды 2000 жылдан бері жасап келеді. Алайда орыс саясаткерлері бұған келіспей отыр. Олар: «Ары кетсе, Ресейдің ішкі жағдайы әлсіреуі мүмкін, бірақ БҰҰ-дағы қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі болып қала береді» – деген уәж айтады.
 

2 наурыз 2013, 19:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.