24.KZ. «Ойыншықтар жайы ойлантатын мәселе» - Елімізге Қытайдан әкелінетін ойыншықтар сапасы сын арта ма? Олар баланың жүйке-жүйесіне қаншалықты әсерлі? Мәселен, сарапшылар қарапайым қуыршақ пен сылдырмақтың балаға төндірер қаупін айтып, жағаларын ұстап отыр.
EGEMEN.KZ. «Джон Керри Мемлекеттік хатшы қызметіне қалай келді?» - Джон Керри Пәкістан тарапымен келіссөз жүргізе отырып, Усама бен Ладеннің көзін жою операциясы барысында осы елдің аумағына заңсыз кіріп кетіп, атып түсірілген тікұшақтың сынықтарын қайтаруға күш салды. Сондай-ақ, адам өлтірді деп айыпталып, Пәкістанда тұтқынға алынған АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкері Рэймонд Девисті бостандыққа шығарған да осы Джон Керри болатын.
TODAY.KZ. «Алматы циркінің ұжымы "Мутурганчикке" қарсы шықты» - "Шынын айтсақ, оны сирек көреміз. Өйткені ол цирктен гөрі, телеарнада көп шығады. Ал орынбасарлыққа жай, қызық үшін келгендей. Бір жыл өтті, ұйымдастырғанымыз жалғыз фестиваль", - дейді Қазақ мемлекеттік циркінің Бас режиссері Марина Редько.
BAQ.KZ. "«Қазақмыстың» басшылығы ауысады" - «Қазақмыс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким 2013 жылдың мамыр айында өтетін акционерлер жиналысынан кейін орынтағын босатады. Бұл туралы компанияның баспасөз-қызметі хабарлап отыр.
ALASHAINASY.KZ. «Пәтер жалдау бизнес пе, тонау ма?...» - Әлемнің дамыған елдерінде жергілікті органдардың қаржылық-экономикалық негізі жылжымайтын мүлік салығынан құралады екен. ...Әрине, әрқайсысында салық мөлшері әртүрлі. Мысалы, Италияда пәтерін жалға беретіндер табысының 40 пайызын мемлекетке аударуы тиіс болса, америкалықтар – 30, француздар – 25, чехтар мен түріктер 17-18 пайыз табыс салығын төлейді. Көрші Ресейде – 13 пайыз, ал біздің елімізде табыс салығы 10 пайызды құрайды (мұның сыртында арнаулы салық режимі мен патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатындар бар).
AIKYN.KZ. «Шенеунік шетелге қашса да, қазынасы қайтарылады» - Елімізде соңғы бір жарым жылдан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заң жобасы дайындалу үстінде. Басқа құжаттардай емес мерзімінің созылуының өзі-ақ, маңыздылығын айғақтап тұр.
HALYKSOZI.KZ. «9-сынып оқушысы: «Қош бол өмір!» немесе оқушының өзіне өзі қол жұмсауына итермелеген қандай жайт?» - Әлішер Толыбаев анасы мен бауырларына арнап қоштасу хатын жазып қойған екен. Оны ол баласының дәптерінен абайсызда көріп қалған. «Оқыдым да көзім қарауытып кетті. Жанұшырып мектепке жүгірдім. Дәлізде мектеп психологы қарсы жолығып қалып, «уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады деп сабырға шақырып әлек. Сөйтсем, балам сол уақытта тамырын кесіп үлгерген екен, - дейді Әлішердің анасы.
DMK.KZ. «Кедендік одақ қымбатшылыққа қаншалықты әсер етіп отыр?» - "Шекара ашылғанда біздің арзан жанармай Ресейге құйыла бастады. Осы себепті бізде бензиннің ұсынысы азайды. Ал, ұсыныс азайып, сұраныс көбейгенде баға өседі. Қазір бізде жанармайдың бағасы Ресейдікінен 40 пайызға төмен. Демек, олардың деңгейіне жетпейінше, біздегі баға тоқтамайды".
«Жетімдердің жағдайын жасырудың жөні бар ма?» - Балалар үйлеріне мемлекет жылына 8 133 миллион теңге жұмсайды екен. Бұл қаржының жартысы балалардың тамағы мен киім-кешегіне, шамамен 15 пайызы коммуналдық шығындарға, ал қалғаны жұмысшылардың жалақысына бағытталатынын айтып өткен Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметов жетім балаларға баспана уақытылы берілмеген жағдайда, әкімдік қызметкерлері жазаланатынын мәлімдеді.
ZHEBE.KZ. «Түркия – «Троя арғымағы» ма?» - Түрік елінде қазір бұл тақырыптың «қаны жерге тамбай» тұр. БАҚ-тар «геостратегиялық бомба» деп айдарлады. Саясатшылардың бір тобы премьердің ұсынысын құлай құптады. Екіншілері болса, қарсылық айтып, шабынып шықты. Жақтаушылардың уәжі мынау: «Түркия бетін тек батысқа бұрып, Еуропалық Одаққа мүше боламын» деп көп дүниелерге көз жұма қарауда.
AZATTYQ.ORG. «Қазақстанда Африка мен Америка футболшылары көбейді» - Наурыз айының басында Қазақстанда кезекті футбол маусымы басталады. Биылғы Қазақстан чемпионатында Африка, Оңтүстік Америка елдерінен келген футболшылар да ойнайды.
ABAI.KZ. «Айдос Сарым: "Біз әлі кеңес халқымен айтысып жүрміз"» - "Мәселенің мәнісі тереңде. Біз анық аңғарып отырған жайт: бүгінге дейін Қазақстандағы дау-дамай тек өз азаматтарымыздың ішкі шаруасы болып келсе, бүгін бұған Ресейдің, орыстың белгілі саясаттанушылары, журналистері мен блогерлері тікелей араласып, тіпті арандатуға да тырысып отыр. Жақында біздің кейбір телеарналарымыз осындай «қармаққа» ілігіп, арандап та қала жаздады: орыстілді азаматтар ғаламторда «Оккупай педофиляй» атты акция ұйымдастырған. Шындығына келгенде, бұл біздегі орыс ұйымдарының үш ұйықтаса түсіне кірмейтін шаруа".
NURASTANA.KZ. «Протестанттар қатарын кімдер толықтырды?» - "Шетел миссионерлерінің мақсаты – баю емес, біздің санамызды билеу. Сананы еңсерген соң, қалғанын игеру қиынға соқпайды. Миссионерлерді қаржыландыратын АҚШ, Германия, Чехия, Польша тәрізді елдер. Қазақстандағы католиктік, протестанттық ағымдар қаржылық жағынан толық қамтамасыз етілген".
MASA.KZ. «Қытай Президентінің ең үлкен қорқынышы – "екінші Горбачев" атану» - Батыс баспасөзіне сенсек, Ши Жин Пиңнің жалғыз қорқынышы бар. Ол екінші Горбачев атану. Бұл да жөні бар сөз. Ғасырлар бойына бір ғана «Ханзу» деген атқа топтасқан мың сан ұлысты айтпағанда, бүгіннің өзінде Қытай елін 56 ұлт «отан» санап отыр. Тибетті, Шыңжаңды, Гансуды негіз еткен автономиялы аймақтар «Шың елінің шиқаны» десек те болады. Ұлттық болмысынан айырылып бара жатқан ұйғырлар мен тибет тұрғындарының әр жылдардағы бұлқынысы соның айғағы.
ZHASALASH.KZ. «600 миллион теңге және бiтпейтiн “былық-шылық”» - Қытаймен шекарадағы “Қорғас” кеден бекетiнiң дауы бiтпей жатып оңтүстiк өңiрден тағы бiр шу шықты. Бұл жолы Қырғызстанмен шекарада. Қаржы министрлiгiнiң кедендiк бақылау комитетi төрағасының орынбасары Аманияз Ержановтың айтуынша, Қырғызстанмен шекарадағы жалған транзиттерден мемлекет 600 миллион теңге зардап шегiптi.