Атырау, 18 желтоқсан 20:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Екi отбасының дау-дамайы Женева прокуратурасына жүк болды. Назарбаев Квасьневскийге 5 миллион еуро төлеген» дейдi Рахат Шораз. Әблязовтің әрекеттеріне нүкте қойылады. Тасмағамбетов президент болуға дайындалып жатыр ма?

2 596 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Екi отбасының дау-дамайы Женева прокуратурасына жүк болды» - Женевада Динара және Тимур Құлыбаевтарға қарсы қылмыстық iс қозғалуы мүмкiн. Швейцария прокуратурасы Назарбаев отбасының мүшелерiне қатысты тексерудi бастады.

«Назарбаев Квасьневскийге 5 миллион еуро төлеген» дейдi Рахат Шораз» - Бұрынғы күйеубала дiн аман. “Фейсбуктағы” жеке парақшасында экс-қайын атасына қатысты кезектi әңгiменi гулетiп жүр.

ALASHAINASY.KZ. «Нашаның шөбін шеккенше, дәрі жасап ішпейміз бе?» - «Шу» деген сөзді естісек, бірден көз алдымызға ұшы-қиыры жоқ қарасоралы алқап, есірткі, наркотрафик,  нашақорлар елестейді. Өйткені Шу өңірінде талайға сор болған, 138 мың гектар жерді алып жатқан қарасора алқабы бар. Соның салдарынан Қазақстан есірткі тасымалдайтын транзиттік ел ғана емес, оны өндіретін алып аймаққа да айналып отыр.

«Үй шаруасын да гастарбайтерге тапсыратын болдық» - Шетелден келетін еңбекшілердің өздеріне де жағдай жасап, Қазақстанның өзіне де тиімді тетікті қалыптастырудың жолы қайсы? Кеше Мәжіліс осы бағыттағы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

AZATTYQ.ORG. "Өзбек президентінің қызы Гүлнара мен Coca-Cola-ның тағдыры" - Eurasia View «Өзбекстандағы Coca-Cola-ның басына бұлт үйірілді ме?» деген мақала жариялады. Гүлнара Каримоваға қатысы бар компания жабылуы мүмкін деп болжаған автор «бұл оған бір қауіптің таяғанын байқатады» дейді.

«FP: «Қазақстан президенттің туған күніне 10 миллион доллар жұмсаған» - Мемлекет басшыларының туған күнін ұлттық мейрамға айналып жіберген елдер тізімінің басында Қазақстан тұр. Foreign Policy (FP) басылымында 19 ақпанда жарық көрген мақала осы тақырыпқа арналған.

AIKYN.KZ. «Әблязовтің әрекеттеріне нүкте қойылады» - Мәскеулік билік үш жыл ойланып-толғанып, Павелецкий вокзалы алаңындағы Мұхтар Әблязов бастап алып, тастап кеткен сақалды құрылыстың тағдырын әйтеуір шешкен сыңайлы. Құрылыс кешені «Павелецкий» ААҚ-пен 122,4 мың шаршы метрлік алаңдағы жерасты сауда-ойын-сауық кешені құрылысының инвесткелісімшартын бұзбақшы.  Шенеуніктер құрылыс кешенін қуғында жүрген девелоперден айналдырған жарты жылдың ішінде тартып аламыз деген сенімде.

«Ханганның жаңа ханымы Пак Гын Хие Азияның атақты саясаткеріне айналды» - Алдағы дүйсенбіде Оңтүстік Корея президенті болып Пак Гын Хие ханым ресми түрде таққа отырады. Оны ұлықтау рәсімі ақпанның 25-не белгіленген. Сөйтіп, Азияда алғаш рет әйел президенттің есімі саясат сахнасына көтеріледі. Осы елдің тарихында ел басқарған ерлердің қатарында Пак ханымның аты да жазылатын болады.

«Өлім жазасы» - Әлемде ең көп дау тудырып келе жатқан мәселенің бірі – өлім жазасы. Көптеген елде жазаның ең ауыр бұл түрі алынып тасталды. Олардың қатарында Қазақстан да бар. Біздің еліміз 2003 жылдың 17 желтоқсанында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен өлім жазасына мораторий енгізді. Дегенмен соңғы уақытта өлім жазасын қайта енгізу туралы пікір айтушылар қатары көбейіп келеді. Олардың пікірінше, терроризмге қатысты қылмыстардың алдын алу үшін жазаның ең ауыр түріне қайта оралуымыз керек.    

SERKE.ORG. «Тасмағамбетов президент болуға дайындалып жатыр ма?»

ZHEBE.COM. «Марат ТӘЖИН: масылдықтан– медиа нарыққа» - Ақпараттық-технологиялық революция кезеңінде ұлттық қауіпсіздікті алдымен осы саладан қорғау керектігін түсінген Тәжин мырза елдегі БАҚ-тың сапасын арттырып, бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін бірнеше ұсыныстарды ортаға салды.

NAMYS.KZ. «Жолымбет Мәкішев. Біз қазақ емес дүбәра мемлекет құрып жатырмыз» - Қазақ тіліне қатысты туып отырған даудың себебіне үңілсең еріксіз  бас шайқайсың. Өйткені бұның барлығы өзіміздегі биліктің саяси солқылдақтығынан туып отырған жасанды жәйттар.

«Қорқордың қорлығы немесе кальян «кәйпінің» ақыры»

MASA.KZ. «Айнұр Төлеу. Қазақты қанайтын бір топ – әншілер мен асабалар».

«Көмескі комитет. Төрағасыз төр. Бұл не?» - Таңғаларлығы, тәуелсіздіктің 20 жылында миллион қазақтың қатарын құраған қандастарымыздың арасынан белді мемлекеттік қызметтің тізгінін ұстаған бір азамат жоқ. Бұл олардың біліксіздігін көрсете ме, әлде, мемлекет тарапынан көзге көрінбейтін «кедергілер» бар ма?

28 ақпан 2013, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.