Атырау, 11 желтоқсан 04:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Мектеп әжетханасында аяусыз соққыға жыққан

2 624 просмотра

Атырауда 36 мектептің 11-сынып оқушылары мектеп әжетханасында 10-сынып оқушысын соққыға жыққан. Салдарынан жасөспірім есінен танып қалған. Мектепте жәбірленушіге көмек көрсете алмады, өйткені жарақаты ауыр еді, кәсіби дәрігерлердің көмегі қажет болды.

- Жәбірленуші 25 сәуірде сағат 17:00 шамасында облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне түсті. Ол лор бөлімшесіне жатқызылды. Науқасқа шұғыл хирургиялық көмек қажет еместігіне және бізде қазір жақ-бет хирургиясы маманының жоқтығына байланысты науқасты Батыс Қазақстан облыстық ауруханасының мамандарына жіберу ұйғарылды. Оның диагнозымен пациентті 7-10 күн ішінде жоспарлы түрде операцияға қабылдауы тиіс еді. Алайда бүгін сағат 12-де ата-анасы ұлын қолхат жазып, ұшақпен Оралға алып кетті. Облыстық балалар ауруханасы қазіргі таңда жақ-бет хирургиясы маманын даярлап жатыр, ол биылдан бастап жұмысқа кірісуі тиіс, – деп хабарлады облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл АЙТМҰХАМБЕТОВ.

Атырау облыстық полиция департаменті бізге бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабымен («Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру») сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. 

– Оқиғаға байланысты қалалық білім бөлімі мектепте түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, мектеп директоры мен әкімшілігіне тәртіптік жаза қолданды. Оқушының жағдайы бақылауға алынды, – дейді қалалық білім беру бөлімінің басшысы Фариза ШАНГЕРЕЕВА.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 сәуір 2022, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.