Атырау, 20 желтоқсан 23:22
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

Мұнай газын сақтау парктері мен құю эстакадаларын МӨЗ балансына қайтарғысы келеді

2 181 просмотра

Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және сақтау бойынша қызмет көрсететін технологиялық байланыстағы нысандарды зауыттың балансына қайтаруды ұсынды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Кезекті отырыста мемлекеттік органдардың отын-энергетика кешенін демонополизациялау жөніндегі ұсыныстары қаралды. 

Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазіргі уақытта Атырау МӨЗ және Павлодар МХЗ-де сұйытылған мұнай газын (СМГ) сақтау парктері мен құю эстакадалары технологиялық тұрғыдан бөлінгенін және жеке ұйымдарға тиесілі екенін айтты. 

Тұтынушыларға сақтау және құю қызметтері қосымша ақыға көрсетіледі, бұл өз кезегінде газдың түпкілікті құнын арттырады. 

Осыған байланысты Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және сақтау бойынша қызмет көрсететін технологиялық байланыстағы нысандарды мұнай өңдеу зауыттарының балансына қайтару мәселесін пысықтауды ұсынады.

Мұнай өнімдері нарығын демонополизациялау мақсатында Б. Ақшолақов МӨЗ-ге мұнай жеткізудің қолданыстағы құрылымын өзгертуді, сондай-ақ одан өнімсіз делдалдарды алып тастауды ұсынды.  

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия айтылған ұсыныстарды қолдап, бірқатар тиісті тапсырмалар берілді. 

12 сәуір 2022, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.