Атырау, 26 желтоқсан 04:41
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Қазақстанның Қытай мен Моңғолиядағы елшілері тағайындалды

1 391 рет қаралды

Қазақстанның екі елдегі елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды; 

Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. 

Осыған қарай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Жалғас Жұмаұлы Әділбаев Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды. Шахрат Нұрышев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

8 сәуір 2022, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.