Атырау, 29 наурыз 15:11
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазақстан Ресейге қарсы санкцияларға қосылуға ниетті емес – ҚР СІМ

1 237 просмотра

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр «Хабар 24» телеарнасына берген сұқбатында Қазақстан бейбітсүйгіш мемлекет екенін, кезінде өз еркімен ядролық арсеналынан да бас тартқанын еске салды. Сондай-ақ ол Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастағы даулы мәселелердің де бейбіт шешімін жақтау тұрғысында берік ұстаным ұстанатынын нығырлап жеткізді.

- Біздің мемлекет келіссөздер, соның ішінде дипломатия арқылы Ресей-Украина шиеленісінің бейбіт жолмен тезірек шешілуінен үмітті. Шиеленістің алғашқы күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентімен де, Украина президентімен де телефон арқылы сөйлесіп, тараптарды мәселені бейбіт жолмен шешу жолдарын қарастыруға әрі келіссөздерді бастауға шақырды, - деді ол.

- Біздің еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары бойынша салынған санкцияларды есептемегенде, мемлекетаралық қатынастарда қысым көрсету құралы ретінде санкцияларды қолдануға дәстүрлі түрде қарсы. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген экономикалық немесе саяси санкцияларды қолдану халықаралық даулар мен жанжалдарды шешудің ең тиімді тәсілі болып табылмайды, сондықтан Қазақстан Ресей Федерациясына жасалып жатқан санкциялық қысымға қосылуға және қандай да бір жолмен Ресей мүддесіне селкеу түсіретін және біздің әріптестігіміздің рухына қайшы келетін қандай да бір қадамдар жасауға ниетті емес, - деді ҚР СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді

8 сәуір 2022, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.