Атырау, 25 сәуір 09:03
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ресейге қарсы санкциялар азық-түлік бағасына әсер етті

1 102 просмотра

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев азық-түліктің қымбаттауына себеп болған негізгі факторды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бағалар көтерілді. Өкінішке қарай, геосаяси жағдай, батыс елдерінің Ресейге қарсы санкциялары кері әсерін тигізді. Логистика және тағы мәселелер бар", - деді Әшімбаев журналистерге берген сұхбатында.

Осы орайда сенат төрағасы президенттің тиісті тапсырма бергенін ерекше атап өтті. Үкімет шұғыл штаб құруы тиіс. Осы құрылым бағаны тұрақтандыру, бизнесті қолдау және тағы басқа мәселелер айналысады.

"Бұл – өзекті мәселе. Депутаттар да үкіметтен оны шешуді талап етіп отырады", - деп атап көрсетті Әшімбаев.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, Қазақстандағы инфляция 8,7 проценттен 12-ге дейін көтерілді. Азық-түліктің қатты қымбаттағаны байқалады.

Айта кетері, бұған дейін "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы азық-түлік бағасына болжам жасады. Бұған дейін импорттық өнімнің басым бөлігі Ресей арқылы жеткізілген.

Алдымен Балтық теңізінің порттарына, одан кейін автомобиль немесе теміржол көлігімен Қазақстанға әкеліп тұрды. Бұл – ең тиімді жол. Шығындары да аз болған.

"Енді, осы тізбек үзілді. Жаңа жолдарды іздеу керек. Әрине, бұның барлығы тауардың бағасына әсер етеді, құны көтеріледі. Мәселен, қант бізге жаңағы жолмен жеткізілетін. Енді, оны Қара теңіз арқылы Батуми портымен импорттайды. Соның нәтижесінде осы өнімнің бір партиясы 300 миллион теңгеге қымбаттап кеткен", - дейді палатаның агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев.

7 сәуір 2022, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.