Атырау, 21 желтоқсан 19:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Аэрофлот Мәскеуден Қазақстанның алты қаласына тікелей рейс ашады

1 276 рет қаралды

Ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясы 23 сәуірден бастап Мәскеуден (Шереметьево әуежайы) Қазақстанның алты қаласына тікелей тұрақты рейстерді ашады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау, Ақтөбе және Қарағандыға рейстердің операторы – «Россия» авиакомпаниясы (Аэрофлоттың еншілес кәсіпорны - ред.). Жолаушылар Superjet 100 ұшағымен ұшады.Аэрофлоттың баспасөз қызметі

Қазақстанға ұшу кестесін әуе компаниясының сайтынан білуге болады.

Мәскеуден тікелей рейстердің ашылуына байланысты Қазақстанға Сочиден ұшу кестесі түзетілді.Аэрофлоттың баспасөз қызметі

Әуе компаниясы 7-22 сәуір аралығында Сочи – Ақтау/Атырау/Ақтөбе бағыты бойынша рейстердің тоқтатылғанын хабарлады.

Осы рейстерге билеттері бар жолаушылар:

  • Мәскеуге/Мәскеуден кейінірек ұшуға болады;

  • әуе билетін қайтару.

Сондай-ақ 23 сәуірден бастап Сочи мен Қазақстанның қалалары (Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтау, Атырау және Ақтөбе) арасындағы әуе рейстері толығымен тоқтатылады.

Көрсетілген бағыттар бойынша бұрын Сочиге/Сочиден билет сатып алған жолаушылар Мәскеуге/Мәскеуден ұшатын тікелей рейстерді пайдалана алады.Аэрофлоттың баспасөз қызметі

Еске салсақ, «Аэрофлот» әуе компаниясы 8 наурыздан бастап барлық халықаралық рейстерді уақытша тоқтатқанын хабарлаған еді.

Кейінірек «Аэрофлот» Қазақстанға 7 сәуірден бастап рейстерді қалпына келтіретіні белгілі болды.


7 сәуір 2022, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.