Атырау, 29 наурыз 07:17
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Үш партия тіркеуге құжат тапсырды

1 072 просмотра

Әділет министрі Қанат Мусин тіркеуге құжат тапсырған партиялар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Үш партия тіркеуге құжат тапсырған. El Tiregi, Байтақ, сосын тағы біреуі. Бірақ олардың құжаттары бірнеше рет қайтарылған", - деді Мусин журналистерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, партияны ұйымдастыру тобына кіретін әрбір адамның жеке мәліметтері де көрсетіледі. Бірақ құжат тапсырған партиялардың ішінде мәліметті дұрыс көрсетпегендер бар.

"Кейбір адамдардың жеке сәйкестендіру нөмірі сәйкес келмейді. Сосын ұйымдастыру тобының тізіміне қайтыс болып кеткен адамдарды кіргізіп жіберген. Басқа партиялардың мүшелері де бар. Заң бойынша оларды алдымен шығару қажет. Егер олар барлық құжатты дұрыстап тапсырса, тіркейміз, ешқандай кедергі жоқ", - деп атап көрсетті Мусин.

Осы орайда министр партияны тіркеу талаптарының әлі өзгермегенін ерекше атап өтті.

Атап айтқанда, ұйымдастыру тобының құрамы бір мың адам болуы керек. Ал партия мүшелерінің саны 20 мыңнан кем түспеуі шарт.

Президент осы межені айтарлықтай төмендетуді тапсырды.

7 сәуір 2022, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.