Атырау, 29 наурыз 14:06
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Фармацевт дәріні шатастырып алған: Павлодарда бала уланып қалды

1 077 просмотра

Павлодарда фармацевт дәрілерді шатастырып алған. Салдарынан 3 жастағы баkа антидепрессанттан уланып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

олицияға 3 жастағы баланың уланып қалғаны жөнінде арыз келіп түскен. 

"Анықталғандай, азамат 3 жастағы баласына дәрігер жазып берген рецепт бойынша Лермонтов көшесіндегі дәріханадан дәрі сатып алған. Препаратты ішкен соң бала өзін жайсыз сезініп, құса бастаған. Әйел бірден жедел жәрдем шақырған. Бала "антидепрессанттан улану" диагнозымен ауруханаға жеткізілді. Кейін фармацевттің қателесіп, азаматқа басқа дәрінің сатқаны белгілі болды", - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабы "Медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

7 сәуір 2022, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.