Атырау, 23 сәуір 20:48
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Талғарда базар өртенді

1 099 просмотра

Талғар базарындағы өрттің себебі анықталуда. Өрт сөндірушілер тілсіз жаудың бүкіл базарға таралуының алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 сәуір күні сағат 02:00-де Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Талғар қаласындағы Әйтеке би көшесінің бойында орналасқан әмбебап базар аумағында, халық тұтынатын тауарлар сататын контейнерлік сауда орындары өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыру орнына жоғары дәрежелі өрт сөндіру мамандары жіберілді.

Өрт 03:51-де сөндірілді, ал 05:00-де толық ауыздықталды. Алдын ала болжам бойынша 900 шаршы метр аумақ өртке оранды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілер өрттің базардың барлық аумағына таралуына тосқауыл қойылды (әмбебап базардың жалпы ауданы 8330 ш.м.).

Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу өрт сынақ зертханасы жіберілді.

Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері, полиция қызметкерлері, жедел жәрдем бригадалары және басқа да мамандар қатысты.

7 сәуір 2022, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.