Атырау, 25 желтоқсан 05:26
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Президент үш жаңа Елшіні тағайындады

1 324 рет қаралды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен үш жаңа Елші тағайындалды. Бұл туралы Ақордадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Атап айтқанда, Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. 

Ол Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды; 

Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды; 

Алмат Дәкібайұлы Айдарбеков Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

30 наурыз 2022, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.