Атырау, 7 қазан 09:23
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Қазақстанда Ресейдің милициясы қайдан жүр?

1 287 просмотра
Бейнедазбадан алынған кадрлар

Интернетте ресейлік нөмір таққан милиция көліктерінің бейнежазбасы тарады. Тұрақтағы ресейлік милиция көлігін кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғын бейнежазбаға түсіріп алған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбаны түсіріп тұрған жігіт қатар тұрған алты ресейлік милиция көлігін санайды. Оның айтуынша, тұрақтың артқы жағында тағы да 6-7 полиция көлігі бар. Ресейде полицияның милиция деп аталатынын атап өткен жөн.

- Кім біледі, неге Ресейлік милиция көліктері толып келіп жатыр? Тіпті нөмірсіз жүргендері бар. Жаңа көлік емес. Бұлар бір мақсатпен келіп тұр ғой. Әр көлікте төрт адамнан отыр, - дейді тұрғын.

Көліктің ішіндегі құқыққорғау органы қызметкерінің арнайы киімінде "Милиция России" деген сөзді байқауға болады. Бейнежазбадан көргеніміздей, көліктердің нөмірі 94 санына бітеді. Осыдан көліктер Ресейдің қай облысына тиесілі екенін білуге болады.

Интернеттегі мәліметке сенсек, бұл көліктер Байқоңыр қаласына тиесілі. Ашық дереккөздерге сүйенсек, ресейлік нөмір таққан бұл қызметтік көліктер Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігіне қарасты Режимді объектілерді күзету басқармасында тіркелген. Қазір Байқоңыр қаласында қызметте жүр.


28 наурыз 2022, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.