HALYKSOZI.KZ. «Бейбіт Сапаралы, дінтанушы: Тағыда бас мүфтилік мәселесі туралы» - Қазір Мысырда оқып келген азаматтарды хабашилер деп кінәлап жатыр. Өйткені, Мысырда «ағайынды мұсылмандар» деген төңкеріс жасап жатыр. Ол – Батыстың жобасы. Батыс оларға ақша берген. Сол әл-Азһар университеті Сұлтан Бейбарыс құрған университет. Мың жыл бойы Ислам әлеміне үлкен ғылыми орда болып қызмет етіп тұрды. Алайда соңғы жүз жылдың ішінде бұл университеттің өзегіне құрт түсті. Оның ішінен өте қиын адамдар шыға бастады. Мысалы, құранит деген теріс ағым бар. Ол Америкадағы орталыққа бағынады.
EGEMEN.KZ. "«Қолжетімді баспана»: ол қаншалықты қолжетімді?" - 2012 жылы жаңа тұрғын үйді сату құны – 12,1 пайызға, жайлы баспананы жалға беру – 14,4 пайызға қымбаттаған. Әрине, бағаға әртүрлі факторлар әсер етеді. Құрылыс материалдарының, жер телімдерінің қымбаттығы, сондай-ақ, оған қажетті инфрақұрылымдарды орнату да оңайға соқпай отырғандығы, жалпы елімізде құрылыс индустриясының кенже дамығандығы дейміз, әйтеуір қымбатшылыққа себеп көп.
ALASHAINASY.KZ. «Біз тарихи тұлғаларымыздың экрандағы бейнесін толық аша алған жоқпыз» - "Қытай деген аждаһа халық қой. Олардың қазақ жеріне кіріп, басып алу қаупі тұрды. Сол кезде Абылай ханның мәмілегерлік қабілеті көзге түсті. Әрі қолбасшы әрі саясаткер әрі дипломат ретінде өлшеусіз еңбек сіңірді. Яғни Қытайдың қазақ жеріне басып кіруінен сақтап қалған – Абылай хан. Осыны біз ашып айтуымыз керек".
AZATTYQ.ORG. «Оқуды жұмыспен ұштастыру үйреншікті құбылысқа айналды» - Елнұр Бейсембаев қазіргі Қазақстанның әлеуметтік және саяси мәселелерін зерттейді. Оның айтуынша, шығармашылық туралы заңда оқитын адам жұмыс істемеуі тиіс деп жазылған.
ZHASALASH.KZ. «Референдум жиналысы – 16 наурызда» - Биылғы жылғы 16 наурыз күнi Алматы қаласында Жалпы халықтық референдум өткiзу жөнiндегi республика жұртшылығы өкiлдерiнiң жиналысы болады.
AIKYN.KZ. «Латынша қазақ әліпбиі ұсынылды» - Ғалымдар компьютер клавиатурасындағы латынның 26 әрпі мен бір ғана белгіні (аксант граф) пайдалана отырып, қазақ әліпбиін жасап шығарды.
ULT.KZ. «Ноғай қалай қырылды немесе орыс саясатының озбырлығы туралы» - Орыс тарихына көз жіберсең онда өзге ұлттарға қарсы қанды қасаптың өте көп жасалғанын көресің. Бірақ орыс саясаткерлері үнемі Ресей империясының құрамына өзге ұлттар «өз еркімен» қосылды деуден танбай келеді. Әйтеуір ақтаңдақтарды ашып айтуға құлықсыз. 400 жыл бойы үстемдік еткен кезеңде Ресей империясы әсіресе түркі халықтарына қатты шүйлікті. Мұндай геноцидті орысқа тәуелді болған тұста Қазақ халқы да талай рет бастан өткергені белгілі.
ZHEBE.COM. "Натих МИРИ: «Әзірбайжан ерте ме, кеш пе Таулы Қарабақты қайтарып алады!»" - Күні бүгінге дейін Таулы Қарабақ мәселесінде жанжалдасушы екі жақ ортақ мәмілеге келген жоқ. Бірақ, 2012 жылдың соңында АҚШ-та ақпарат тарататын WNWI радиосы «Әзірбайжан қарулы күштері 2013 жылы Таулы Қарабақта әскери операциялар бастайды» деп хабарлаған болатын. Әзірбайжан қарулы күштері де күн сайын жаңа қару-жарақпен қаруланып, күшейіп келеді. Елдің биылғы әскери бюджеті 4 млрд долларға жақындады. Бұл, өңірде әскери қимылдардың басталуы мүмкін екендігін көрсетіп отыр.
MINBER.KZ. «Қазақтың латын әріптері жүйесін жасағанда Байтұрсынның “төте жазуын” басшылыққа алған дұрыс» - Аршат Оразов бауырымыз ғаламторда кириллицада жазылған қазақша мәтіндерді түркі халықтарына арналған 34 әріптік таңба негізінде латынға аударатын жақсы бағдарлама жасапты. Үлкен рахмет. Тәжірибе етіп көрдім. Бір неше түзетулер кіргізілсе өте тамаша бағдарлама болғандай екен.