Атырау, 7 қазан 13:26
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​«Террорист» болған 16 жастағы жасөспірім екен

1 814 просмотра

Атырау полиция қызметкерлері 5 наурыз күні 16 мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат жіберген қылмыскерді анықтады.

Еске салсақ, 5 наурыз күні таңертеңгі сағат 9-да №16 мектептің электронды поштасына мектеп ғимаратында бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тексеру нәтижесінде жарылғыш зат анықталмады. Көп ұзамай, полиция қызметкерлері жалған хабарлама жіберген 16 жастағы жасөспірімді ұстады. Анасымен бірге жауап алу кезінде ол сенбі күні үйінде отырып, қалжыңдап, жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлағанын айтқан.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 273-бабы Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау») бойынша тергеліп жатыр.

Айта кетсек, кішігірім немесе орташа ауыр қылмыс жасаған уақытта жасөспірімнің жасы 14-ке толып, 18-ге толмағанда айыппұлдан бастап бас бостандығын шектеуге дейін қылмыстық жаза қарастырылған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 наурыз 2022, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.