Атырау, 7 қазан 13:15
 ашықВ Атырау +18
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

16-мектептегі бомба туралы ақпарат жалған болып шықты

2 183 просмотра

Бүгін, 5 наурызда Атырауда №16 мектептің ресми электронды мекенжайына мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқу орнының әкімшілігі дереу тиісті органдарға хабарлаған. Полиция оқушылар мен мектеп қызметкерлерін қауіпсіз жерге шығарды.

ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру жұмысы ғимаратта жарылғыш заттың жоқтығын көрсеткен. Лаңкестік әрекет туралы жалған хабарлама жіберген адамды іздестіріп жатыр.

Бұл кезде бірінші ауысымдағы сабақтар тоқтатылды, ал екінші ауысым бүгін онлайн оқиды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Атырау облыстық ПД ұсынған сурет

5 наурыз 2022, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.