HALYKSOZI.KZ . «Маралтай Райымбекұлы: Аманжан Рысқали ел айтып жүргендей «кәкай» азамат емес еді» - Ақынның «Кентавр» кітабы Лондонда ағылшын тілінде жарық көрмек.
«Берік Айтжанов: Балуан Шолақ ірі болды екен деп, дене тұрқымды өзгерте алмаймын» - Актердің бойында өзі сомдаған кейіпкерлерімен ұқсастық бар ма? Актер жайлы білгісі келген көрерменнің көңіліндегі ең алғашқы сауал осы болса керек-ті.
SERKE.ORG. «Мұнайшылардың заңгері Соколова Әбілязовтен қандай қулық үйренді?» - Наталья Соколова 90-жылдардың аяғында Мұхтар Әбілязовпен кездескен екен. Сол кездесуден қатты әсер алған Наталья мұны кейінгі өмірінде еш ұмытқан емес. Қарабасының қамын күйттеп, реті келген жерден пайда тауып қалатын Мұхтар Әбілязовтің сол кездегі ісін таңдай қағып, тамсанып еске алып жүрді.. Әбілязовтің қулығын пайдаға асырмақ болған ол ақырында арандап қалды.
AZATTYQ.ORG. «Ресей Қазақстанның уран өндірісіне ендей кірді» - «Росатомпром» Қазақстандағы уран кеніштерін игеріп жатқан канадалық компанияның үлесін түгел иеленуге жақын. Ресей әлемдегі ең ірі уран өндірісінде бәсекелесі жоқ басты ойыншыға айналды.
«Дуня Миятович: Сөз бостандығы жоқ қоғам қауіпті» - Авторитарлық үкімет "шектен тыс сөз бостандығы тұрақтылыққа қатерлі" дейді. ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі мәселелері жөніндегі өкілі Дуня Миятович Азаттық тілшісіне берген сұхбатында ол пікірдің қисынсыз екенін айтты.
AIKYN.KZ. «Қазақ сенаторы Еуропалық банкті өзгерткісі келеді» - Қазақстандық сенатор әлемдік қоғамдастыққа қызықты ұсыныс тастады: ол «Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің» атауын өзгертуді ұсынады.
"Арбаға таңылған ақын" - Тісімен таяқша тістеп, ұялы телефон арқылы өлең жазған, кітап шығарған Нұрмұхаммедтей жан әзірге жоқ шығар.
EGEMEN.KZ. «Дербісәлі шейх Әбсаттар қажы қызметтен неге кеткенін өзі айтты».
«Армяндар Серж Саргсянды таңдады. Неге?» - Арменияда сайлау өтті. Халық қазіргі президент Серж Саргсянның ұстаған бағытын қолдады. Сайлауға қатысқандардың 58,6 пайызы оны жақтап дауыс берді.
«Башар Асад қашанда кешігіп қалады» - Дамаскіден бір жақсы хабар естілді. Ел президенті Башар Асад алғаш рет қарулы оппозиция өкілдерімен келіссөз жүргізуге ықылас білдіріпті.
ABAI.KZ. «Бас мүфтиге хат» - Abai.kz ақпараттық порталы ұжымының хаты.