Атырау, 26 сәуір 05:42
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Мигранттарға табылған жұмыс біздің жастарға неге табылмайды? «Қазақ» газетін Стамбұл, Нью-Йорк және Мюнхен жаздырып оқыған. Ойыншыққа айналып бара жатқан мұсылмандық неке. Хазарлықтар: «мазхабтар соғысынан құрып барамыз».

2 118 просмотра

ALASHAINASY.KZ. «Мигранттарға табылған жұмыс біздің жастарға неге табылмайды?» - Ала шапанды өз-ағаларымыз бен айыр қал­пақты бір туғандар елімізге келіп жұ­мыс істеп, нәпақа тауып жүрсе де, біздің жас­тарымызға екі қолға бір күрек табылар емес.

EGEMEN.KZ. «Германияның бұрынғы ішкі істер министрі Рахат Әлиевті тұтқынға алуды талап етті»

AIKYN.KZ. «Жалғыз тіл білу жеткіліксіз, сана-сезім қазақы болуы тиіс!» - "Бір осал жағымыз – Орталық жиі отандық емес, шетелдік саясаттану­шылар, журналистер не имидж-мей­кер­лердің сөзіне ден қояды. Соларды кере­мет, ақылды, Қазақстанды қазақтан артық біледі деп санайды. Оларды тарту­дағы қаржы мәселесін былай қойғанда, ұсынылатын саяси ақпараттар мен тал­дау­лар үстіртін, шындықтан алыстау, бір­жақты болып жатқан себебі де сол".

MASA.KZ. «Қытай: «қара қазақ қаптаса...» - Бір қызығы, «Қара қытай қаптаса» деген сөзді бұрындар біз айтушы ек. Енді қытайлар айтатын болған сияқты. Өйткені соңғы жарты жылда қазақтар үшін «Жунгоға» бару мұңға айналған. Соған қарағанда миллиардатар елі де «қара қазақ қаптағаннан» қорқа бастаған сыңайлы...

«Ойыншыққа айналып бара жатқан мұсылмандық неке» -  Ал қазіргі кезде елімізде Ислам дінін ұстанатындардың саны артып келе жатқандығын көзіміз көріп жүр. Үйлену рәсімінің көпшілігіде осы діни тұрғыда өтіп жатады. Әрине бұл қуанталық жайт. Бірақ соңғы уақытта өкініп бармақ тістеп қалып жатқандар жиі кездесетін болды. Әсіресе дін жолында жүрген апа-қарындастарымыздың осылай шырылдап жүргені қатты алаңдатады.

BAQ.KZ. «Өзге елдерде әйелдер неше жасында зейнеткерлікке шығады?» - Қазақстанда соңғы уақыттарда жиі қозғала бастаған тақырыптың бірі - зейнетақы жүйесін жаңғырту мәселесі. Оның ішінде зейнеткерлік жасына қатысты жаңа өзгерістердің болатыны белгілі бола бастады. Осы тұрғыда біз Қазақстанда қолға алынбақшы бұл шараны әлемдегі жағдаймен салыстырып көруге ниет етіп отырмыз.

«10 жасар баланың кейпіндегі азамат» - Ақтөбе облысының тұрғыны Серім Амангелді – 24 жастағы жігіт. Алайда, оның сырт келбеті 10 жасар балғын баланікіндей. Ауыр науқасқа шалдыққан азаматтың өмірі жайында «Мой город» порталы хабарлап отыр.

TURKYSTAN.KZ. «Байқоңыр: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕҢІСІ ДЕСЕК ЖАРАСАР...» - «Қазақстан – Байқоңырдың қожайыны, Ресей оны жалға алушы. Әлемдік тәжірибеде талапты жалға алушы тарап емес, жалға беруші тарап, яғни қожайын қоя алады. Әрі кез келген ынтымақтастық тең дәрежеде, өзара тиімді және әділ жүзеге асуы тиіс».

AZATTYQ.ORG. "Хазарлықтар: «мазхабтар соғысынан құрып барамыз»" - Пәкістанның оңтүстік-батыс өлкесінде саны аз этникалық топ - хазарлықтар тұрады. Шиға мазхабын ұстанатын аз ғана қауым қазір аймақтағы діни қақтығыстан зардап шегіп отыр.

HALYKSOZI.KZ. "«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІН СТАМБҰЛ, НЬЮ-ЙОРК ЖӘНЕ МЮНХЕН ЖАЗДЫРЫП ОҚЫҒАН" - Қайрат Сақ аталмыш басылымда жарияланған көптеген материалдардың ішінде әлі де зерттелмей жатқан дүниелердің бар екендігін тілге тиек етті. «Жалпы қазақ газетінде жарияланғанымен әлі күнге дейін зерттелмеген мәселелер өте көп. Соның бірі – «Қазақ» газетін сонау Стамбул, Нью-йорк, Мюнхен секілді қалалардың жаздырып алып отырғаны туралы деректер. Басылымның бізге жетпеген сандары, бәлкім, сол қалалардың мұрағаттарында жатуы мүмкін. Одан да маңызды бір мәселені айта кеткім келіп отыр. Ол – «Қазақ» газетінде жарияланған Ресейдің жымысқы саясатына байланысты материал.

ZHASALASH.KZ . «Комиссардың оралуы» - Осыдан 20 жыл бұрын ел президентi “ҚР Қарулы күштерiндегi командирлердiң (бастықтардың) тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс жөнiндегi орынбасарлары институтын құру туралы” жарлыққа қол қойды. Сөйтiп, кезiнде кеңес әскерi қатарында саяси жұмыстарға жетекшiлiк жасаған “замполит” лауазымы аз-маз өзгерiстермен тәуелсiз Қазақстан әскерiне қайта оралды.

«Келiмбетов бiр оқпен екi қоян атып алмақ» - Вице-премьер Қайрат Келiмбетов соңғы кездерi өз бастамаларымен қаржы нарығын қайта-қайта дүрлiктiрiп әлек. Ол президенттiң екi тапсырмасын бiр мезетте орындап тастаудың амалын тапты.

«Ұшақ апаттарының шынайы себептерi нақтылы анықталуы тиіс» - Бұл жөнiнде әуе кемелерiнiң бұрынғы инже¬нерi, қазiргi кезде ғылыми-танымдық басылымдарда қалам тербеп жүрген Шермат Әшiрбаев ой бөлiседі: «“Керосин бiтiп қапты...”, “Ұшақ ескi екен...” деген сөздiң бәрi – бос сөз. Менiң өз ойымша, бұл екi жағдайда да әуежайдағы диспе¬т¬черлiк қызмет өз мiндетiне салғырт қараған сияқты».

21 ақпан 2013, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.