Атырау, 7 қазан 19:19
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атыраудың жолдары-ай

Сурет
2 534 просмотра

Атырауда жол сапасы сын көтермейді. Жылда осы: қыс қаһарынан қайтып, қала көшелері қар мен мұз жамылғысынан арылған кезде жолдар шұрық-тесікке айналады. Көлік жүргізушілері тарапынан көп сыналатын кейбір жол учаскелерінің қазіргі жай-күйін тексеріп көрдік.

Орталық көпір былтыр сәуірдің басында уақытша жабылып, жол шұңқырлары жамалған болатын. Бірақ бүгінде оның ізі де білінбейді. Жаңа ойықтар пайда болды.

Оны көлік жүргізушілері айналып өтуге тырысады. Бұл жол апатына себепші болып жататын жайттардың бірі. 

Тұрғындар қалашығы көпірі жолында да ойлы-шұңқыр көп. Қысқасы, бұл көпір мен орталық көпірдің жағдайы «шәйнекпен» жөндей салуға келмейді.

Сәтпаев даңғылы да керемет емес, әсіресе, «музыка академиясы» аялдамасы мен «Абай» аялдамасы тұсындағы жол учаскелерінде ойдым жер көп.

Бұл қаламыздағы жөндеуді қажет ететін жолдардың бірнеше мысалы ғана.

Еламан НУХИН

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

18 ақпан 2022, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.