Атырау, 13 қазан 11:07
 дождьВ Атырау +15.2
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Қазақстанда электр желілерін жөндеу: күзгі-қысқы кезеңге толық дайындық аяқталды

90 рет қаралды

Қазақстанда күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында электр желілерін күрделі жөндеудің жоспарланған көлемі толық орындалды.

Биыл еліміз бойынша 17,1 мың шақырым электр беру желісі, 444 қосалқы станция және 3,4 мыңнан астам тарату және трансформаторлық пункт жөндеуден өтті.

Жұмыстар барлық өңірде жүргізіліп, маусымдық жүктемелер кезеңінде электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға бағытталды.

Жөндеу жұмыстарының ең үлкен көлемі Ақмола облысында атқарылды. Онда 2,6 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 49 қосалқы станция және 555 тарату және трансформаторлық пункт жаңартылды.

Павлодар облысында 2444 шақырым электр беру желісі, 52 қосалқы станция және 609 тарату пункті, трансформаторлық пункт пен кешенді трансформаторлық қосалқы станция күрделі жөндеуден өтті.

Жамбыл облысында 1,8 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 63 қосалқы станция және 316 тарату және трансформаторлық пункт қалпына келтірілді.

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінде жөндеу науқанының негізгі мақсаты электр желілері шаруашылығының жылыту маусымын өткізуге дайындығын қамтамасыз ету екенін атап өтті.

Бүгін, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.