Әлеуметтік желіде қызықты видео пайда болды: Балыкшыдағы көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар жолдың жарылған жерлеріне ... шәйнекпен бір сұйықтық құйып жатыр.
13 тамыздан бастап Балықшыдағы көпір жөндеуге жабылды. Бұл жөндеуді көптен күткен көпір. Бірақ қазіргі бейнежазбадан кейін көпшілік жасалып жатқан жұмыстың сапасына қатысты «күмән келтіре» бастады.
- Жөндеуді осылай жасайды. Супер! – деп мысқылдайды бейнежазба авторы. Ал әлеуметтік желідегі кейбір пікірлердің арасында бұл шәйнек қанша миллион тұрады және оның бағасы жөндеу жұмыстарының құнына қосылған ба деген сұрақ кездеседі.
«АЖ»-ға қала әкімдігінен әлі жауап келген жоқ, бірақ біз шәйнек атыраулық жүргізушілерге адал әрі ұзақ уақыт қызмет етеді деп үміттенеміз. Бұл жерде тәулігіне 7 мыңға дейін көлік әрлі-берлі қатынайды.
Фархат АБИЛОВ
Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба