Атырау, 25 желтоқсан 21:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Атырауда денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ұсталды

2 678 просмотра

"АЖ"-ға белгілі болғандай, 10 ақпанда Атырауда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат НУДИН (суретте) ұсталды. Денсаулық сақтау басқармасы бұл фактіні растап, бұл шараның оның облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы қазіргі жұмысына қатысы жоқтығын атап өтті.

30 жастағы Нұрқуат Нудин денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып өткен жылдың сәуір айында тағайындалған, ол басқарманың қаржы мәселелеріне жетекшілік еткен. Экономикалық тергеу департаменті әзірге ешқандай мәлімет бере алмайтынын айтты. Алайда оның 2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурыз айына дейін облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарғаны және оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») бойынша айып тағылғаны белгілі. 

Біздің мәліметімізше, ол пайдалануға берілмеген әлеуметтік маңызы бар нысандар бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойған деп айыпталып отыр.

Айнұр САПАРОВА

Сурет ашық дереккөзден алынды


11 ақпан 2022, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.