Атырау, 19 сәуір 16:17
 ашықВ Атырау +16
$ 521.90
€ 593.50
₽ 6.39

Есболда айуандықпен кісі өлтірген топқа қатысты сот басталды

2 391 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Индер ауданы Есбол ауылының 30 жастағы тұрғыны Азамат ҚАЛБАҒАЕВТЫҢ өліміне қатысты сот отырысы басталды.

Қайғылы жағдай былтыр 8 тамызда орын алған. Азамат Қалбағаевты бір топ жігіт алдап шақырып, ауыл шетіне алып кеткен. Ол жерде темір арматураны қолданып, асқан қатыгездікпен қанжоса қылып сабаған. Аяқ-қолы сынып, басы жарылған. Азаматты ауыл адамдары тауып алып, ауруханаға апарған. Бірақ жігіт есін жимастан аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмады.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру») бойынша тергеліп, сотқа жіберілді. Айып орындығында 8 адам отыр. Олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА   

10 ақпан 2022, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.