Атырау, 24 желтоқсан 05:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Атырау облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

5 714 рет қаралды

Бүгін, 4 ақпанда Атырауға ҚР Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ келді. Оның келу сапарының басты мақсаты – Атырау облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындау. Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВТЫҢ орнына Нұрхат ОРАЗБАЕВ тағайындалды.

Тұрғымбаев Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВПЕН бірге полиция департаментінің ғимаратында жаңа басшыны жеке құраммен таныстырды.

Нұрхат Кенжебайұлы Оразбаев 1968 жылы Атырау облысында туған. Полиция әулетінен шыққан. Ішкі істер органдарында 1991 жылдан бастап қызмет атқарады. Гурьев педагогикалық институтының, Алматы Жоғары тергеу мектебінің, РФ ІІМ Академиясының түлегі.

Өңіріміздің құқыққорғау органдарында түрлі қызметтерді атқарған, атап айтқанда, қылмыстық полиция басқармасының бастығы, Жылыой АІІБ бастығы қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметке дейін Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Айнұр САПАРОВА

4 ақпан 2022, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.